Деректі фильмдер байқауы: Туған өлкем қандай көркем

Аймақтағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы жуырда білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес «Туған өлкем қандай көркем» тақырыбында балалардың облыстық деректі фильмдер байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қашықтан жүргізілген шараға қатысушы үміткерлер «Экологиялық жарнама» және «Туған өлкемнің визит карточкасы» бейнеролик аталымдары бойынша сынға түсті. «Экологиялық жарнама» номинациясынан екінші орын – Қарақия ауданы, Жетібай ауылындағы №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы Темірханқызы Дианаға, ІІІ орын – Ақтау қаласындағы №14 мектептің 8 сынып оқушылары Аманжолова Айдана мен Орынбасар Айнұрға, төртінші орын – Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылындағы Т.Жалғасбайұлы атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Аманғалиева Еленаға табысталды.

«Туған өлкемнің визит карточкасы» номинациясынан үшінші орын –Қарақия ауданы, Жетібай ауылындағы №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы Серік Салтанатқа; төртінші орын – Маңғыстау ауданы, Шебір ауылы, Қаратөбе орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нұртілеп Жайнарға бұйырды. Жүлде жеңімпаздары басқарманың бағалы сыйлықтары және арнайы дипломдармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий