Патриот болу – арманым

– Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз, – деген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида, этникалық мәдениет негізінде жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсеткен. Біз тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып, тәрбие жұмысының бағыттарының ішінде бірнеше бағыттың айқындалғанын білеміз. Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруы тиіс.

Осы қағиданы басты назарға ала отырып, Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Патриоттар – ел ертеңі» атты тоғызыншы ауысым жүргізіліп жатыр. Осы тақырыпқа сай елімізде 2016 жылдан бері өзінің жұмысын жасап келе жатқан «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» мүшелерімен бірлескен «Патриот болу – арманым» атты онлайн отырыс өтті. Тікелей байланыста академия мүшелігіне қабылданған елжанды ұл-қыздардың ішінен 7 қыз бала, 3 ер бала орталықта демалып жатқан Түркістан облысы Мақтаарал ауданы балаларына белгілі тақырыптар бойынша ой бөлісіп, алдағы жоспарлармен таныстырды.

Академия мүшелігіне қабылдану жай ғана мақтаныш емес, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру жолында еңбек етіп, ұлт көшінде өздерінің келелі орындарын табуға деген үлкен бағыт-бағдар көрсете білді. Қазақстандық жас патриоттар академиясы қатарына өту үшін де, көптеген сындардан өтіп, бойында отанға деген сүйіспеншілігі анықталған балалар қабылдана отырып, төсбелгі, куәлік, сертификаттармен марапатталады.

Академия мүшелерімен «Балдәурен» РОСО-да жауапты әдіскер жұмыс жасап, балалардың атқарған жұмыстарына саралау, бағалау әрекеттері жүргізіледі. Өз тарихын білу – ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындарда жалғасын табуда маңызды. Қазіргі ұрпақтың өз халқымен бірлігін сезінушілігі және өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры мен нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы ретінде сезінуінің мәні зор болмақ. Осылайша, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені патриоттық сезім мен көзқарастар қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады. Мағжан Жұмабаев: «Тәрбиелеудегі мақсат – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару. Осы мақсатта «Балдәурен» орталығында тиісті іс-шаралармен қатар ауқымды ауысымдар өз жалғасын таба бермек.

Нұрперзент ЕРПОЛАТ,
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығының әдіскері, Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий