Шолпан Каринова: Оқытудың үш нұсқасы бойынша дайындық жұмыстары жан-жақты пысықталуда

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жұма күні кешкісін Facebook әлеуметтік желісінде осы интернет ресурс бойынша тікелей эфир арқылы алдағы жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы туралы жұртшылықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға нақты жауап берген болатын, – деп хабарлайды bilimdinews.kz сайтының тілшісі.

 

Оқу жылының басталуына бір жарым ай уақыт бар. Қазіргі кезде салалық министрлік аймақтардағы басқармалар және аудандардағы білім бөлімдерімен бірлесіп, жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастаудың барлық мүмкіндіктерін қарастыру арқылы жан-жақты дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Жалпы бүгінгі күнгі санитарлық эпидемиялық жағдай мен ақуал ескіріліп, оқытудың бірнеше нұсқасы әзірленді. Осы фортаттарға мектептердің дайындығы бойынша туындаған сұрақтар толық зерделеніп, тиісті шешімдер қабылдануда. Өздеріңізге белгілі ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы білім саласына, нақтырақ айтқанда Білім және ғылым министрлігіне нақты тапсырма жүктегенін білесіздер. Осыған орай қажетті шаралар қолға алынып, бұрын болжанған нұсқаларды жетілдіру жұмыстары қайта пысықталуда, – деді Шолпан Таңатқызы өз сөзінде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий