Қызылорда облысында жиырма мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қызылорда облысы білім басқармасы ұсынған ресми мәлімет бойынша биылғы жылы жиырма мектептің күрделі жөндеуіне қажетті қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталған. Оның ішінде жұмыспен қамтудың “Жол картасы” шеңберінде 15 мектеп, “Ауыл – ел бесігі жобасы” арқылы төрт білім ордасы мен аудандық бюджет есебінен бір мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде.
“Жол картасы” шеңберінде он бес мектепке (Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі №165 орта мектепке 58 080,0 мың теңге, №226 мектепке 228 535,0 мың теңге, Сырдария ауданындағы Қалжан ахун ауылындағы №126 мектеп 12 143,0 мың теңге, Бесарық ауылындағы №147 мектепке 92 283,0 мың теңге, Жалағаш ауданындағы Аққыр ауылындағы №188 мектебіне 229 909,0 мың теңге, Т.Жүргенов ауылындағы №117 мектепке 219 093,0 мың теңге,Шиелі ауданындағы №48 мектеп ғимаратына 168 756,0 мың теңге, Жаңақорған ауданындағы Көктебе ауылындағы №89 мектепке 54 197,0 мың теңге, Өзгент ауылындағы №224 мектепке 261 118,0 мың теңге, Әбдіғаппар ауылындағы №213 мектеп 23 454,0 мың теңге, Сунақ ата ауылдық округіндегі 194 мектеп 81 172,0 мың теңге, Қызылорда қаласындағы №43 мектепке 68 926,0 мың теңге, №112 мектебі бойынша 70 289,0 мың теңге, №173 мектепке 101 487,0 мың теңге, №23 мектепке 290 417,0 мың теңге) қарастырылған екен.
“Ауыл – ел бесігі” жобасы арқылы төрт мектепке (Қызылорда қаласы Ақсуат елді мекеніндегі №143 мектеп -160,1 млн.тг, Шиелі ауданындағы №49 мектеп-249,6 млн.тг., Жаңақорған ауданы №86 – 501,8 млн.тг., Қазалы ауданы №24 мектеп- 45,7 млн.тг.) және аудандық бюджет есебінен және тағы да бір мектепке (Қармақшы ауданы №107- 180,0 млн.тг) бөлінгенін білдік.
Загрузка...