Қашықтан ұйымдастырылған жазғы демалыс

Тамылжыған жаз. Биылғы үш ай демалысымыз тіптен өзгеше. Әрине, жұқпалы дертің тарамауына байланысты мемлекеттік деңгейде арнайы белгіленген санитарлық шаралар мен қатаң талаптарды сақтау қажеттілігіне байланысты оқушылардың да әдеттегі жаз қызықтарынан бас тартып, үйде отыру арқылы оқшаулануға тура келді. Баршамыз үшін әрине жеке денсаулық мен елдің амандығы маңызды. Сонымен қатар елдегі эипидемиялық жағдайдың тұрақтанып, ортақ мақсаттағы ауқымды шаралардың нәтижесінде ұлттың басына төнген қауып пен қатерді түбегейлі жеңуге мүдделіміз.  

– Әйтседе жазғы демалысым көңілім қалағандай, жақсы деңгейде өтуде. Жылдағыдай қалаға барып, көңіл-көтеріп, сергімесем де бәрі ойдағыдай. Себебі карантин кезінде тиімді пайдалануға болатын бос уақытым өте көп. Өзім қалаған, пайдалы істермен айналысуға мүмкіндігім мол. Жазғы демалыста әдетте бәліміздің басымыз лагерьлерде қосылатын болса, қазір онлайн жүздесуге асығамыз. Бастамашылардың біліктілігімен биылғы бағдарламалардың бәрі қашықтан ұтымды үйлестірілуде.  Ең бастысы алтын уақытымыз текке кеткен жоқ. Әсіресе Атырау облысы Қазақстан студенттер Альянсының төрағасы, Атырау мемлекеттік университетінің президенті Сәбитов Әділет ағайымыз бен ол жетекшілік жасайтын команда ұйымдастырған “SHABYTtan” марафоны көптің көңілінен шықты, – дейді облыс орталығындағы Махамбет есімін иеленген орта мектептің оқушысы Жайна Қапсихова.

– Жасөспірімдердің басын қосқан бұл онлайн лагердің алғашқы үш күні тегін ұйымдастырылды. Сондай керемет ләззат алдым десем артық емес. Себебі өте үлкен дайындықпен өте үлкен абыроймен жақсы өткізілген марафон болды. Маған алғашқы үш күн естен кетпестей тамаша, қызықты өткендіктен ақылы бөлімге қатысуға қызығушылық болды. Солай ата-анамнан рұқсат алып, ақылы бөлімді жалғастырдым. Онлайн марафон болсада көптің қалауынан шықты. Ол лагерьде біз командалармен жарысып, білмейтін нәрселерімізді біліп, күніне бір мезгіл кітап оқуды әдетке айналдырдық. Ерте тұру, денсаулығымызға қарау тағы да басқа көптеген пайдалы әдеттерді қалыптастырып үлкен нәтиже алдық. Ең бастысы қайырымды іс жасадық.

Каусар есімді қызға қол ұшын беріп, көмек қолын создық. Жолына қаражат жинап бердік. Жеті команда болып жан-жақтан атсалыстық. SHABYTtan бізді бір ортаға біріктірді, бір үйдің балаларындай болғызды. Қиын кезде қолдау көрсетті. Жақсылық жасап жарыстырды. Жақсылық жасауды тереңінен ұғындырды. Мен барлығына дән ризамын! Міне, осылайша әлі де даму үстіндемін. Марафонға қатысқаныма еш өкінбеймін. Қазіргі уақыт жаз қызықтарын өткізетін уақыт емес. Бұйырса, алда әлі талай қызықтармыз. Тек қазір емес!

Қазір ең бастысы үйде болыңыздар, денсаулықтарыңызға қараңыздар! Жасөспірімдерге, өзімнен кіші іні,сіңілілеріме айтар кеңесім қазіргі уақытты тиімді пайдаланып, бос уақыттарыңда кітап оқып, өрістеріңді кеңейтіңдер. Ең бастысы, бәрінің қадірін біліңдер деп айтқым келеді. Аман-есен еліміз бұл қиындықты еңсеріп, қуанышты күндерді бірге көрсек дегім келеді. Ауырмаңыздар, аман болыңыздар!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий