Патриоттық тәрбие — отаншылдық кепілі
Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен.
Сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс». Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн. Осылардың ішінде біз патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдылық береміз. Өйткені патриотизм жастармен қоғамдық сана негізінде ұғынылуы керек.
Балалар бойында қоғамдық-саяси сауаттылықтың негіздерін қалыптастыру, олардың заңдылықты, қоғамдық өмір нормаларын қастерлеуге, біздің халқымыздың тарихи өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсету рухында тәрбиелеу егемен, тәуелсіз ел үшін — қажеттілік. Осы мақсатында балалардың арман аралына айналған Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» РОСО да «Патриоттар – ел ертеңі» патриоттық ауысым атты тоғызыншы ауысымы ұйымдастырылып, өз кезегінде Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының балалары демалып жатыр.
Ауысым жаз мезгіліне сәйкес келгендіктен демалыс күні 15 күнге созылады. Осы ауысым арқылы патриоттық тәрбие беру шеңберінде азаматтық-патриоттық тәрбие, қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие беру секілді бағыттарды дамытуды көздейміз. Аталмыш бағыттар бойынша жұмыстар, іс-шаралар, балалар бойында нық азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазіргі патриотизм жиырма бірінші ғасырдағы тәуелсіз мемлекетімізге қажетті еңбек өнімділігі мен мәдениеттің ұйымдастырылуына бара-бар деуге болады.
Бүгінгі күні ол халықтың ішкі «жинақтылығын», халықтың қоғам мен мемлекет мүдделеріне белсеңді түрде қызмет етуін білдіреді. Сол себепті осы тақырып айналасында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды атап айтар болсақ: «Патриоттың 10 қасиеті» слайдты байқау, «Мен патриотпын» пікірталас және «Bari keldi» ток-шоу ұйымдастырылу арқылы ауысым тақырыбын өз деңгейінде өту барысын қамтамассыз ету.
Тәуелсіз елдің биік те қасиетті ұғымдарының бірі — отансүйгіштік біздің халықты біріктіретін Қазақстанның бірлігі мен жалпыұлттық идеясының негізі болып табылады. Сол себепті ел ертеңін тәрбиелу мақсатында Балдәуреннің де теңіз тамшысындай үлесі тисін деген мақсатта осы ауысым ұйымдастырылды.
Мұрат ЖАНЫБЕК,
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығының әдіскері, Қапшағай қаласы