Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл парадигмасын өзгертудің тұжырымдамалық негізі парасаттылық идеологиясы. Парасаттылық – әділдік, заңдылық, сатылмайтындық, адалдық сияқты құндылықтарды біріктіретін кешенді ұғым. Парасаттылықтың жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығын, айқындығын көздейді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды факторы қызметкерлердің барынша проблемалы, өткір мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын анықтауға тікелей қатысу мүмкіндігі болып табылады.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың рөлін күшейту және қоғамдық бақылауды кеңінен қамтамасыз ету қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруды талап етеді. Қолданыстағы Заңнамаға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жүргізуге міндетті және басшылар жүзеге асырады. Осы орайда, білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік бақылау функцияларын орындау барысында және жұмыстан тыс уақытта Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды қатаң ұстануы басшының тұрақты бақылауына алынған.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының түйінді бағыттары, негізгі тәсілдері мен басым шаралары негізінде Департаментте 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алды алуға бағытталған жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар аясында Департамент қызметкерлерінің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі форматта іс-шаралар өткізілуде. Ең бастысы, Департамент сайтында «Сыбайлас жемқорлық жағдайында хабарласыңыз» жаңа рубрикасы ашылып, халықтың Департамент қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шараларды жүйелі жүргізу алға қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы өзгерістерді Департамент қызметкерлеріне уақтылы жеткізу және олардың құқықтық білімін көтеру мақсатында аптаның дүйсенбі күні «Құқықтық оқыту» сағаты өткізіледі.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшыларымен бейнеконференбайланыс арқылы «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдардан, нормативтік құқықтық актілерден туындайтын нормалар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Департаментте көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы – оның жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Осы ретте, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында екі мемлекеттік қызметті көрсету барысында Департаментке түскен 1 219 өтініштің 1 136 (93,2%)-ы қанағаттандырылды, 83 (6,8%) – і кері қайтарылды. Атап айтқанда, «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуде қаланың орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан білім беру қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу үшін түскен 98 өтініштің 57 (58,2%)-сі қанағаттандырылып, ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкес болмауынан және құжаттардың толымсыздығы-нан 41 (41,8%) – і кері қайтарылды.
Ал, «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметін алуға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқуды жалғастырғысы келетін, сондай-ақ басқа елдерге тұрақты тұруға кететін түлектер жүгінеді. Осы қызметті алуға түскен 1 121 өтініштің 1 079 (96,3%)-ы қанағаттандырылып, 42 (3,7%)-і Стандарт талаптарына сай келмеуінен, өтініш берушінің төлем жасамауы, құжаттардың түпнұсқаларының Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылмауынан қанағаттандырылмады. Уәжді бас тарту барысында оның нақты себептері көрсетіліп отырылады. Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында тікелей байланыста болу факторы түбегейлі жойылған. Әйтсе де, Департамент қызметкерлері екі мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне оқыту семинарларын өткізіп отырады.
Осы атқарылған іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіруге зор ықпалын тигізуде. Департаменттің басты міндеттерінің бірі білім беру ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау болып табылады. Осы орайда, бірінші жарты жылдықта 10 тексеру жүргізілсе, оның 5-еуі – профилактикалық бақылау, қалған 5-еуі жоспардан тыс тексеру. Нәтижесінде, белгіленген нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарын бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Ұлттық білім беру деректер қорына жүргізілген мониторинг нәтижесінде екінші жарты жылдықта 14 білім беру ұйымына профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланды. Аталған тізім Бас Прокуратураның сайтына жарияланды.
Барлығыңызға белгілі, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында Департаментте бос орындарға конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен, Нұр-Отан партиясы мен қалалық мәслихаттан байқаушы қатыстырылып отырылады. Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негізде тағайындау рәсіміне, мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеуі мен педагогтерді аттестаттауда Ұлттық біліктілік тестілеу өткізуде байқаушы есебінде қатысып, қағида талаптарының бұзылмауын және қатаң сақталуын бақылайды.
Жыл сайын Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижесінде Департамент жұмысында кемшіліктер анықталмаған. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес жұмыстар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып жалғасатын болады. Жоғарыда баяндалғандар негізінде бүгінгі таңда Департамент қызметкерлері өздеріне тиісті функцияларды атқаруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатпен толықтай қамтылған деп пайымдаймын.
Азамат Асхатұлы ФЕРМЕБЕК,
Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы