Павлодарлық педагогтер медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, қолдау көрсетуде
Міне, бір ай бойы облыс орталығындағы «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ-нің педагогикалық ұжымы мен кәсіподақ комитеті қаламыздың провизорлық орталықтарының медицина қызметкерлері мен еріктілер үшін үй тағамдарын дайындау акциясын ұйымдастыра отырып, қайырымдылық іс-шараларымен айналысады, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Алғашқы ыстық тамақты қамтамасыз ету пункті Баянтау спорт орталығында орналасқан ТРИАЖ орталығы болды, онда 25 адам түскі аспен қамтамасыз етілді. Күнделікті ас мәзірі әр түрлі тағамдардан тұрады және провизиялық көмек жеткізілген адамдар саны артты, сәйкесінше қызмет көрсетілетін орталықтардың саны артты. Бүгін қаланың бес ауруханасына музыкалық колледж ұжымының атынан гуманитарлық көмек көрсетілді. Қазір қолдау тек пациенттерге ғана емес, біздің дәрігерлер мен еріктілерге де қажет.
Қайырымдылық эстафетасын ұжымға білім беру ісінің құрметті қызметкері Я.Касьян және жас, елге және қалаға деген патриоттық сезімге бойы толы музыкалық кешеннің басшысы С.Сыздыков ұсынды. Кешен ұжымы бұл идеяны қолдады. Күш-бірлікте, бұны облыстың элиталық оқу орындарының мұғалімдері дәлелдеп шықты. Жақсылық бізге барлық өмірлік қиыншылықтардан шығуға және қиын кезеңді жеңуге көмектеседі. Біз пандемияны жеңеміз! Біз бұған сенеміз! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
Екібастұздық педагогтар медицина қызметкерлерін қолдады. COVID-19-пен күреске медицина қызметкерлері барлық күш-жігерлерін жұмсауда. Тіпті ыстық кешкі ас ішу өте сирек кездеседі. Екібастұздың білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы қалалық әкімдіктің бастамасын қолдап, провизорлық және инфекциялық бөлімшелердің медицина қызметкерлерін дәмді кешкі аспен қуантты.
Ақ халатты кейіпкерлерге арналған үй тағамдарын дайындауға Жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілдері көмектесті. “Савой” кафесінің директоры Шаттық Сүйінішева ас дайындауға кафенің асханасын берді. Шынайы ризашылықпен дайындалған дәмді кешкі ас дәрігерлер мен медбикелерге пациенттердің өмірі үшін одан әрі күресуге күш береді деп үміттенеміз. Барлығы сау болсын! Вирус шегінсін! Бей-жай қалмайтын және қажетті минутта қол ұшын созатындарға бас иеміз.
Павлодарлық педагогтар медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді жалғастыруда. Павлодар сервис және тамақтану колледжінің оқытушылары мен студенттері пандемия кезінде медициналық қызметкерлерді қолдау қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.”Баянтау” спорт кешені базасында триаж-орталықтың қызметкерлері үшін күн сайын кешкі ас дайындалады. Түскі астардан басқа жаңа піскен нан өнімдерін дайындайды. Колледж басшысының шақыруына барлық ұжым бір ауыздан келісім білдіріп қолдады.
Еңбек демалысына қарамастан шілде айының сегізінен бастап өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, студенттер кесте бойынша кешкі ас дайындайды. “Біз үшін біздің медицина қызметкерлері мен сұрыптау ауруханасында жұмыс істейтін барлық адамдар үшін дәмді үй тағамдарын дайындау құрмет. Біздің міндетіміз – дәрігерлерге қолайлы жағдай жасауға көмектесу, оларды моральдық және психологиялық жағынан барынша қолдау көрсету, – деп атап өтті колледж басшысы Г.Шугабаева. Колледж волонтерлері Любченко Карина, Трентьева Ангелина және Ветрова Лидия ТЖ кезінде “Біз біргеміз” жалпыұлттық акциясына белсене қатысқаны үшін Тұңғыш Президентеміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Ақтоғайлық педагогтар провизорлық орталыққа көмек беруде. Ақтоғай аграрлық – техникалық колледжі әкімшілігі, Жумайхан Октябрь және Уюкбаев Беслан Ақтоғай ауданы провизорлық орталығына көмек көрсетті. Орталықтың медициналық қызметкерлеріне, өз қолдарымен жасалған 10 – дана тамырішілік екпе штативтерін, иммунитетті нығайтуға пайдалы жемістерді көмек ретінде ұсынды. Ақтоғайлық педагогтар ақ халаттыларға алғыс айтып, күш-жігер мен сабыр тіледі. Осындай көмек түрлері медбикелерге пациенттердің өмірі үшін одан әрі күресуге күш береді деген ойда.
Қазіргі жағдайға бейжай қарамай, медицина қызметкерлеріне көмек көрсетейік деп шешкен педагогтардың игі әрекеттерін басқа әріптестері де қолдайды деген сенімде. «Біз біргеміз!»: ЕТТК ұстаздары медицина қызметкерлеріне түскі ас дайындады. Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің оқытушылар ұжымы қала әкімдігінің бастамасын қолдап, провизорлық госпиталдің медициналық қызметкерлеріне және сол жерде жәрдемдесіп жүрген еріктілерге ыстық түскі ас апарды. Бей-жай қалмайтын және қолдан келген көмектерін аямайтын жандарға бас иеміз.
Загрузка...