Қостанай облысы: Жаңа оқу жылына дайындық қалай?

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен  қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өтті.  Жиын барысында облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк баяндама жасап, 2020-2021 оқу жылының дайындық барысы талқыланды, – деп хабарлайды Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.


– Облыс аумағында 492 мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында оқушылардың алдын-ала контингенті 108,4 мың оқушыны, педагогтар-13 мың адамды құрайды. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020-2021 оқу жылының басталуы туралы бұйрығы әлі шығарылмаған. Алайда, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Үкімет отырысы және кейінгі брифинг шеңберінде білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін белгіледі. Оқу жылын 1 қыркүйекте алыс ауыл мектептерін қоспағанда, барлық мектептерде, яғни өткен оқу жылының төртінші тоқсанының тәжірибесі бойынша бастау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ҚР БҒМ бастауыш сынып оқушыларына кезекші сыныптар ұйымдастыруды ұсынады (1-5 сыныптар). Облыстың білім беру саласының жаңа маусымның басталуына дайындығы туралы айта келе, жазғы кезеңде 1,4 млрд теңгеге 6 мың компьютер сатып алынды, бұл облыстың білім беру ұйымдарының компьютерлік паркін 50%-ға жаңартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыстың 492 мектебінің 480-і жоғары жылдамдықты интернетке қосылған (4 Мбит/с) немесе 97,6%. Бүгінде облыстық кәсіподақ қаражаты есебінен облыс педагогтарына ноутбуктер сатып алу мәселесі қарастырылуда, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий