Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында “кезекші сыныптар” қандай тәртіпте оқитынын түсіндірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында дәстүрлі форматта мектепке баратын «кезекші сыныптар» қандай тәртіпте оқитынын түсіндіріп берді, – деп хабарлайды осы салалық министрліктің баспасөз қызметі.

Жаңа оқу жылында оқыту үрдісі қалай жүргізілетіні туралы таяуда ғана шешім қабылдағанымызды білесіздер. Шешім мынадай: жаңа оқу жылының І тоқсанында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Алайда кейбір ньюанстар бар. Атап айтқанда алыс ауылдардағы шағын жинақты мектептерге дәстүрлі түрде оқуға рұқсат береміз. Алайда ол ауылдардың өзінде біздің балалар мен педагогтарға ешқандай қауіп болмауы тиіс, – деді Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда. Білім және ғылым министрі екіншіден бастауыш сыныптар үшін де дәстүрлі форматта оқу мүмкіндігі берілетінін жеткізді.

– Қашықтан оқыту форматында ерекше қажеттілігі бар, аз қамтылған отбасылардың балаларға оңай тие қоймайтыны анық. Үшінші мәселе айналып келіп бастауыш сыныптардың оқыту жұмысына тіреледі. Сол себепті «кезекші сыныптар» деген енгізілді. Ол не? Бастауыш сыныпта (1-4 сынып) оқитын баласы бар ата-ана баласын дәстүрлі түрде мектепте оқытуға өтініш бере алады. Онда оқушыларға ондай мүмкіндікті беруге дайынбыз, – деді ол. Асхат Аймағамбетов мектепте дәстүрлі оқу барысында нақты шектеу шаралары қандай болатынын айтып өтті. – Біріншіден санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы керек. Әдетте бір сыныпта 20-25, тіпті үлкен қалаларда 40 балаға дейін отырады. Осыған байланысты ата-аналарының өтінішімен І тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын сыныптағы кабинетте 10-15 баладан артық отырмауы керек. Яғни бір сыныптың өзі топтарға бөлінеді.

Екіншіден осы сыныптарға қоңыраулар әртүрлі уақытта соғылады. Үшіншіден дене қызуы тұрақты түрде өлшеніп, балалардың денсаулығы қатаң бақылауға алынады. Ата-аналарға мектеп аумағына кіруге тыйым салынады. «Бір мұғалім – бір сынып» қағидаты енгізіледі. Әдетте ағылшын пәнін оқытарда басқа мұғалім келеді. Алайда бұл жерде ондай болмайды. Бастауыш сыныптың мұғалімі ғана сабақ өткізеді. Дәстүрлі форматта оқытуға болады деген күннің өзінде сабақтың жартысын біз қашықтан оқыту форматына ауыстырамыз. Ағылшын тілі мәселен қашықтан оқытылады, – деді еліміздің бас педагогы. Ведомства басшысы алдағы жаңа оқу жылының бірінші тоқсаныда дәстүрлі форматта оқитын балалар үшін мектептегі асхана жұмыс істемейтінін тағы бір мәрте қайталап ескертті. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий