Әбілмансұр халықаралық олимпиаданың қола медалін жеңіп алды

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12- сынып оқушысы Мужубаев Әбілмансұр халықаралық Менделеев олимпиадасының қола медалін жеңіп алды. 2020 жылы COVID-19 орай 54-ші оқушылардың химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы 13-18 шілде аралығында алғаш рет қашықтықтан өткізілген болатын, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

Беделді білім бәйгесіне жиырма жеті елден келген 130 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің құрама командасы 1 күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Ел намысын қорғаған жеңімпаздар қатарында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12- сынып оқушысы Әбілмансұр Мужубаев болды. Талапты да зерек Әбілмансұр.Бектұров атындағы халықаралық химия олимпиадасының 2019 жылғы жеңімпазы, мектепте өткен түрлі зияткерлік сайыстардың жүлдегері. 11-сыныпта оқып жүргенде дарынды бозбала төменгі сынып оқушыларына күрделі есептердің шығарылу жолын үйрететін химиялық олимпиада клубын ұйымдастырған болатын.

Қазір Әбілмансұрмен жаттыққан оқушылар олимпиадалық қозғалыста өздерінің алғашқы қадамдарын  жасап жүр.  Биыл Әбілмансұр  еліміздегі беделді білім ошағы – Назарбаев университетіне оқуға түсті. Мектебіміздің талапты түлегі университет қабырғасында алған білім, білік, дағдысы оның ең батыл мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретініне кәміл сенеді. Зияткерлік мектеп ұжымы Әбілмансұр Мужубаевты мақтан тұтады, мәртебелі білім сайысындағы үлкен жеңісімен құттықтайды! Келешекте де жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий