Көкшетау қаласында ерекше балаларға арналған даму орталығы ашылды

Көкшетауда екіден 16 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар (аутизм және психо-сөйлеудің дамуы кешіктірілген, аутизм белгілері бар) балалар мен жасөспірімдерге арналған даму орталығы ашылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.


Аймақтвғы салалық басқарма облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тапсырыс берушісі болып табылады. Орталық жұмысының негізгі бағыты – бұл балаларды мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеуге әрі қарай дайындау, сондай-ақ қоғамда әлеуметтендіру мақсатында кешенді түзету арқылы қолдау көрсету. Орталықтың кілтін табыс ету құқығы Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Ибраев Марат Умербайұлына және білім басқармасының мамандарына берілді.

Жобаның негізгі міндеті – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерге педагогикалық түзету және оңалту түрінде кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. Жоба қазіргі заманғы әдістер бойынша қоғамда табысты әлеуметтену үшін жағдай жасауға бағытталған: “Сова НЯНЯ” сенсорлық-динамикалық кешенінде сенсорлық интеграция – бұл ауыр көкірекше, сенсорлық шұлық, гамак. Мінез-құлықты қолданбалы талдау – АВА-терапия, PECS карточкаларының көмегімен баламалы коммуникация жүйесін пайдалану, музыкотерапия, ойын психотерапиясы, эрготерапия (еңбек терапиясы) және тағы басқалар.

Орталықта педагогикалық түзету және оңалту түрінде кешенді психологиялық педагогикалық көмек, санитариялық эпидемиологиялық нормаларға сәйкес бейімделген үй-жайда топтық, топасты және жеке сабақтар түрінде түзету-дамыту оқуын өткізу көрсетіледі. Қазіргі уақытта сабақтар онлайн режимде өтеді. Орталық жұмысының штаттық режиміне көшу карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін жоспарлануда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий