Әдістемелік жұмыстарды іске асырудың жолдары

Білім беру жүйесін жаңғырту бүгінде қоғамның инновациялық даму әлеуеті, азаматтардың болашақ әл-ауқатының және ел қауіпсіздігінің кепілі ретінде қарастырылады. Бұл заңды, өйткені білім берудегі өзгерістер көп жағдайда қазіргі әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси процестердің қарқынды қозғалысын қамтамасыз етеді. Біліктілікті арттыру мұғалімге ескірген көзқарастардан арылуға көмектеседі, оны сыртқы өзгерістерге бейім етеді, бұл сайып келгенде оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.  

Ғылыми-әдістемелік жұмыс педагогтің кәсіби дамуын ынталандырады, оның өзін-өзі жүзеге асыруына, кәсіби проблемаларды шешуге ықпал етеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру жүйесіндегі табысты жұмыстың кепілі – бұл әкімшіліктің мұғалімдермен тығыз байланысы, олардың шығармашылық мүмкіндіктері, адами қасиеттері, мүдделері, ұмтылыстары, кәсіби қиындықтары туралы хабарлар болуы. Мұғалім үнемі тәжірибе мен теорияның арасында, өз тәжірибесін көбінесе практикалық іскерлікпен арттырады. Білім беруді ізгілендіруге, оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, оның құндылығы мен қазіргі қоғам үшін қажеттілігін мойындауға бағыттай отырып, біз, ең алдымен, оның мұғалімнің жеке тұлғасымен қалыптасатынын есте сақтауымыз керек деп ойлаймын.

Сондықтан, біздің мақсатымыз-педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау, педагогтер жұмысының сапалық көрсеткіштерін және жалпы мектеп қызметінің оң өзгеруін, мұғалімнің мәртебесін жаңашыл педагог позициясына өзгерту үшін жағдай жасау. Бұл үшін мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімді және пәрменді құрылымы қажет. Мектептегі әдістемелік жұмыс тұтас жүйе ретінде ұйымдастырылған кезде ғана  ең тиімді болады. Әдістемелік жұмыстың мазмұны педагогтердің сұраныстарына жауап беруі және мұғалімнің жеке тұлғасының дамуына ықпал етуі үшін мектептегі жұмыс ұжымның кәсіби қиындықтарын ескере отырып жоспарланады. Бұдан басқа, әдістемелік жұмысты жоспарлауға мұғалімнің педагогикалық және кәсіби шеберлігінің өсуіне олардың қызметінің әсері тұрғысынан терең талдау жасалады. Осы мақсатта мектепте сауалнама, тест, диагностика, сауалнама жүргізіледі. Жас мұғалімнің педагогикалық қызметіне кәсіби дайындығының диагностикасы; мұғалімнің инновациялық әлеуетінің деңгейін бағалау” сауалнамасы; жұмысқа қанағаттану сауалнамасы; оқу үрдісінде педагогикалық ынтымақтастық деңгейін диагностикалау; «сіздің шығармашылық әлеуетіңіз” тесті.

Әдістемелік жұмыс келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: мектеп педагогтерінің әдістемелік қиындықтарын диагностикалау және оларға уақытылы көмек көрсету; кәсіби шеберліктің түрлі деңгейіндегі педагогтерге кеңес беру және түзету жұмыстары; педагогтердің сұранысы бойынша семинарлар ұйымдастыру; мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату; кәсіби шеберлікті арттыру, әріптестерінің тәжірибесін көпшілікке тарату, оқушылардың жағымды уәждемесін арттыру және олардың креативтілігін дамыту мақсатында пәндік онкүндіктерді ұйымдастыру және өткізу; жас педагогтермен жұмысты ұйымдастыру; білім беру жүйесін жаңғыртудың қажетті шарты ретінде педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру;

Кембридж университеті бағдарламасы бойынша біздің мектеп үш деңгейлі курсты меңгерген мұғалімдердің желілік қоғамдастығы бойынша жетекші мектептерің бірі болып табылады. Әдістемелік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруға бағытталған  шығармашыл пеадгогтердің «Бумеранг» желілік қоғамдастығы жұмыс жасайды. Қоғамдастықта бүгінгі таңдағы білім саласындағы өзекті, маңызды деген негізгі технологиялар бірнеше бағыттарға бөлінген. Мектеп педагогтері түгел қамтылған. «Іс-әрекеттегі зертеу», «Жобалау қызметі», «STEM технологиясы», «CLIL технологиясы», «Lesson Study» атты негізгі бес бағыт бойынша жұмыс жасайды. Аталмыш тақырыптарды мектеп педагогтері өздерінің әдістемелік тақырыптары бойынша сауалнама көмегімен таңдап алды. Бұл қоғамдақтың мектеп педагогтеріне берері мол.  Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу – жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдеріне нақты көмек беру.

Негізгі міндеттері: оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен оны жаңарту; сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру; оқытудың әдіс – формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру; ғылыми зерттеулер жүргізу; озат тәжірибені жинақтау, тарату; ғылым жетістіктерін практикаға ендіру. Педагогтердің белсенділігі, олардың өз қызметін жетілдіруге деген қызығушылығы, оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияларды қолдануы, оқушының нәтижесіне кәсіби қызығушылығы мектептің оқу-тәрбие жүйесінің одан әрі дамуының кепілі болып табылады.

Тұрсынгүл Алмасқызы АХМЕТУЛЛАЕВА,
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№8 облыстық мектеп директорының оқу – тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий