CLIL әдісі арқылы зерттеу сабағын ұйымдастырудың мәні

“Мен сияқты жаса” деген мұғалімнен біз ештеңе үйрене алмаймыз, ал нағыз мұғалімнің ұстанымы: “менімен бірге орында” болуы тиіс, – дейді Жиль Делез. Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл зерттеушілік. CLIL әдісінің негізгі мақсаты – мұғалімнің сөйлеуін азайтып, керісінше оқушылардың бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде гуманитарлық саладағы іс-әрекетті зерттеу сабағында «Топтық жұмыс арқылы орыс топтарында тілдік кедергілерді жою жолдары» атты  проблемалық зерттеу тақырыбын алдым.

Зерттеуімнің мақсаты: тарих пәнінен және қазақ тілі пәнінен  орыс топтарындағы топтық жұмыстар арқылы тілдік кедергілерді  жою және   академиялық  тілді дамыту. Топтық жұмыс барысында оқушылардың іс-әрекеттерін анықтау арқылы  сабақ барысында тапсырмалар жасалынды. Зерттеу сабағында  CLIL әдісін қолдану арқылы ұйымдастыру және бұл әдісті НЗМ мектептері кеңінен қолданылуда.  Өйткені, кейбір пәндер оқушылардың оқыту тілінде жүргізілмейді. Сондықтан пәнді оқытудағы тіл – екінші тіл болып табылады. Оқушы осы тілде пәнді түсіне отырып, өз ойын екінші тілде жеткізе білуі қажет. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады.

Фактілер. Нені білгім келеді?

Қазақстан тарихы пәнінен «1965-1985 жылдар не себепті Тоқырау кезеңі деп аталды?» тақырыбындағы зерттеу сабағында   тарихи оқиғаға өзіндік пікір (интерпретация) айтуда «Бес саусақ» әдісі бойынша, «Тоқырау» сөзіне аргументтер келтіреді. «Кілем» әдісі  бойынша топтық жұмыста  оқушылардың әрекеті бақыланды. CLIL әдісі арқылы  тоқырау кезеңіндегі сөзбен істің алшақтығын салыстырмалы 2 факті келтіре отырып, кестеге түсіру арқылы қорытындылауда  Скаффолдинг әдісі қолданылды:

Қорытынды. Қандай қорытынды шығарамын? Аламын?

Берілмеген ақпарат. Қандай ақпарат?

Қалған сұрақтар. Қай сұрақ?

Салфетка әдісі арқылы топтық жұмыста әр сабақта тапсырмалар сәтті орындалды. Оқушылар тілдік кедергілерді жоюда интерпретация арқылы сабақта өз ойын жақсы жеткізе алды. Сабақ алдында оқушылардан сауалнама алынды.Сауалнама сұрақтары арқылы  оқушылардың топтық жұмыстағы  өзіндік идеясын, тілге деген қызығушылығын білуге болады. Оқушылардың пікірлерін ескере отырып, жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру үшін «Бірлесу» әдісі арқылы сабаққа шығу сәтін ұйымдастыру жоспарланды.

Қазақ тілі сабағында айтылым және жазылым дағдысын қалыптастыруда CLIL әдісіндегі бейімделмеген мәтіндерді оқу барысында Скаффолдинг әдісінің үлгілері  қолданылды. Мысалы бастапқы мәтін: «Жақын арада кеңейтілген магистральдік  тасжол әлеуметтік және денсаулыққа қатысты мәселелердің артуына әкелуі мүмкін». Скаффолдинг элементтері бар бейімделген мәтін: «Жақын арада (соңғы уақытта) кеңейтілген  магистральдік  тасжол (тасжол/басты жол) әлеуметтік және денсаулыққа қатысты мәселелердің артуына (өсуіне) әкелуі (әбден) мүмкін». Оқушылар өз пікірлерін айқын жеткізеді.

    Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Зерттеу сабақтары оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Асия Жөкетайқызы ҚУАНЫШЕВА,
Алматы қаласындағы химия-биология
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
тарих пәні мұғалімі, модератор

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий