“Болашақ” халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды

Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы басталды, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі..

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет. Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі. Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138  жоғары оқу орны бекітілген.

Басымдыққа ие мамандықтар тізімі: https://www.bolashak.gov.kz/

kz/pretendentu/perechni/perechen-prioritetnykh-spetsialnostej.html

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тізімі: https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/spisok-rekomenduemykh-vuzov.html

Құжаттарды дайындау бойынша ұсыныстар:

https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/rekomendatsii/rekomendatsii-po-podgotovke-dokumentov.html

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий