Қашықтан оқыту: Ауыл мектебін басқару тәжірибесінен

Дәстүрлі оқытудан қашықтан оқыту жағдайына тез арада көшу әрбір білім беру мекемелерінің басшыларын «Басқару жүйесін қалай оңтайлы ұйымдастырамын, соның ішінде ауыл мектебін?» деген сауалдар мазалады деп ойлаймын. “Қашықтан оқыту жағдайындағы ауыл мектебін басқару ерекшеліктері” тақырыбындағы тәжірибеммен бөліскім келеді.

Ұжымның мүшелерін осыған дейінгі жан-жақты кәсіби қызметтері бойынша даму деңгейін білгенмен, қашықтан оқыту жағдайында да ұжымның мүшелерімен жұмысты қалай жүргізетінім аса маңыздырақ болды. Сондықтан соңғы жылдары мектепті басқару тәжірибемде басқару құрылымымды қайта құру, жоспарлау мен бақылауда көшбасшылық пен бөлінген көшбасшылық арқылы басқаруды, бұрынғы бұйрық-нұсқауларды ұсыныс кеңестермен алмастыра отырып, педагогикалық мәдениетті, іздену белсенділігі мен дербестігі жоғары тұлғаларға талап пен қолдауды тең дәрежеде көрсету мақсатында негізгі төрт ұстанымды басшылыққа алып отыратын едім.

Қашықтан оқыту кезінде мектепті басқару жұмыстарын ұйымдастыруды төрт бағытқа негіздедім. Басшылық: оқыту мен оқуға жетекшілік ету қашықтан оқыту кезінде өзгеріске ұшырады. Бейімделу: қашықтан оқыту жағдайына дейінгі ауыл мектебін басқаруда қалыпты жұмыс жағдайындағы басқаруда педагогикалық қызметкерлерге қойылатын талап (50%) пен қолдау елу пайызға тең пайыздық көрсеткішті негіздеген болатынмын. Қашықтан оқыту жағдайында қолдауға жүз пайыз басымдық бердім. Себебі сауалнама нәтижесінің қажеттілігі осыны меңзеді. Қашықтан оқыту жағдайында бұл жұмыстардың барлығы онлайн жүйеге ауыстырылды. Және осы жағдайда әр педагогтың медиа ортасы болу қажеттілігін түсіндім.

Осыған дейінгі қалыпты мектепті басқару қызметімнің жүйесі ақпараттылық құзыреттілікті талап етіп, іске асырылып жүргенмен, жеке медиа ортасын құруды ұйымдастыру арқылы басымдық беруді бастадым. ҚО жағдайындағы бірлескен жұмыс нәтижелерін, тәжірибелер топтамасын әлеуметтік желілер (Facebook, instagram) арқылы жариялымдар жүргізу, серіктес мектептермен кеңестер, кәсіби әңгімелер, кері байланыстар,үздік тәжірибелер орнатылғаны нақты дәлел болатындығы даусыз.

«MinMap» бағдарламасы бойынша мектепте құрылған фокус топтардың зерттеу сұрақтарына байланысты алынған нәтижелерінің құндылығын бағамдау барысында интеллект карта жасадым. Бұл – ойлау диаграммасы. «LearningApps.org» бағдарламасы да шеберлік сыныпты ұйымдастырушылар үшін тыңдаушыларға құнды тәжірибе болды. Әсіресе жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне көп пайдасын тигізді. «Guizizz» бағдарламасымен жүргізілген шеберлік сыныптың нәтижесі пән мұғалімдерінің сабақты бекітуге, оқушыларға тапсырманы тиімді, әрі сапалы түрде орындап, қаншалықты дұрыстығы нақтыланып, кері байланыс беруге көмектесті.

Қорытынды кезеңде жалпы қашықтан оқыту жағдайында ауыл мектебін басқарудың ерекшеліктерін бір айда атқарылған жұмыстар бойынша сараптама жасалды. SWOT талдауындағы мәтінді санға айналдырғанымды ауыл мектебін басқаруда мықты (46 %), әлсіз (28%), мүмкіндік (14%) және кедергілер (12%) сапасы анықталды. Демек тәжірибеде сыналған төрт бағытты жетік қолданған кезде заманауи тұрғыдан басшылық жасауға толық мүмкіндік пен дағды бары даусыз.

Табила Игбайевна ИСМАГУЛОВА, 
Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта
мектептің
директоры, Атырау облысының
Исатай ауданындағы
Тұщықұдық ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий