Білім және ғылым министрлігі – қоғамдағы ең ауыр салалардың бірі
Білім және ғылым министріне қатысты әлеуметтік желіде сан алуан пікірлер қаптап жүр екен. Даттаушылардан гөрі жақтаушылар көп. Ол заңды да. Өйткені соңғы уақытта еліміздегі бес жүз мыңнан асатын ұстаздардың мүддесін қорғайтын “ Педагог мәртебесі туралы” заң қабылдануына, Ұлттық Әліппенің қайта оралуына тікелей мұрындық болған, әлеуметтік желіде білімге қатысты өз ойларын ашық айтып жүрген, өз тілінде мүдірмей сөйлейтін, жиналыстарының басым көпшілігін мемлекеттік тілде өткізетін бірден – бір жігерлі, ұлтжанды министр осы азамат, – деп жазады Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы республикалық “Abai.kz” ақпараттық порталындағы мақаласында.
Ал оның жазған ғылыми жұмысына қатысты жұмысты сараптау үшін тәуелсіз сараптама комиссия құрылып , соның шешіміне байланысты министр өзі шешім қабылдай жатар. Біз құқықтық мемлекет құрып жатқан елміз ғой. Бұрын да парламент қабырғасында айтып жүрміз, қоғамдағы ең ауыр салалардың бірі осы білім және ғылым министрлігі. Осы саланы штат санын көбейтпей, қайта қысқарта отырып екіге Ағарту және кәсіптік білім беру министрлігі және Жоғары оқу орындары мен ғылымды дамыту министрлігі етіп бөлу керек. Бұл заман талабы.
Загрузка...