“Жасыл ел”: Павлодар облысының колледж студенттері еңбек жасағында
Аймақтағы колледждердің студенттері биыл он алтыншы рет қатарынан «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында жұмыс істеуде. Павлодар қаласы бойынша жастар еңбек жасағында тоғыз колледждің 219 студенті, сонымен қатар аудандық жасақтарда екі жүзге жуық студент еңбек етеді. Барлық студенттер жұмыс берушілер тарапынан және «Жасыл ел» облыстық штабынан жалақы алады, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл бүгінгі күні әрбір студентке үлкен көмек, себебі бұл жасақта халықтың әлеуметтік осал топтарының студенттері де жұмыс істейді. Сонымен қатар, жасақ құрамына колледжішілік есепте және КТБ есебінде тұрған студенттер кіреді. Осы санаттағы студенттерді жұмысқа тартудағы мақса – құқық бұзушылықтың алдын алу және студенттердің бос уақытын қамтамасыз ету.
Елдегі эпидемиалогиялық жағдайды ескере отырып, студенттер жұмыс киімімен қатар жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген және барлық карантиндік шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – туған қаланы көркейту және көгалдандыру, сондай-ақ жастарды патриоттық сезімге, Отанға, жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Загрузка...