“Ertis” аграрлық колледжі студенттерге өз бақшасының көкөністерімен көмектесуде

Павлодар ауданындағы колледж ұжымы өз бақшасының көкөністерімен бөліспекші. Колледждің жатақханасында студенттер жоқ, асханасы жұмыс істейді, қыркүйекте сабақ тағы да қашықтықтан болатынын естідік. Сондықтан экологиялық таза өнімді тұтынушылар болмай тұр. Ertis жоғары инновациялық аграрлық колледжінің ұжымы өз оқу шаруашылығының тәжірибелі учаскелерінде өнім жинап, қалалық колледж студенттеріне көкөністермен көмектеседі, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқу шаруашылығы жылдағыдай жақсы өнім берді, тәжірибелі көкөніс учаскесін агрономия мамандығының студенттері мен олардың оқытушылары басқарады. Болашақ агрономдар көктемде үлкен жұмыс атқарды: практикалық сабақтар аясында алдымен жылыжайларда, содан кейін жасыл желекті оқу шаруашылығының ашық топырағында отырғызды. Қазіргі заманғы агротехнологияларды, экологиялық таза көкөністерді өсіреді: кәділер (кабачки), асқабақ (тыква), қияр (огурцы), қызанақ (помидор). Қазір жаппай астықты жинау науқаны басталды.

– Биылғы жылы жатақханада карантинге байланысты студенттер жоқ, асхана жұмыс істемейді, қыркүйек айында сабақты қайтадан қашықтықтан бастаймыз, сондықтан біз бақшамыздың өнімін мұқтаждарға көмек көрсету үшін жіберу туралы шешім қабылдадық, – деп түсіндіреді колледж басшысы Серик Джартыбаев. – Бірақ біздің студенттеріміздің барлығы дерлік ауылдық, барлық тарында дерлік өз бау-бақшалары бар, сондықтан қала балаларына қолдау көрсетуді шештік. Қазіргі қиын уақытта, экологиялық таза өнімдер бюджетті үнемдеуге ғана емес, иммунитетті нығайтуға да көмектеседі.

Көкөністің бірінші жіберілімін Павлодарлық техникалық сервис колледжіне тапсырдық – оны 10 аз қамтылған отбасы алды. 350 кг кабачка, қияр, салат және басқа да көкөністер. Егінді тағы бір апта жинап, әр жолы әр түрлі колледждерге таситын болады. Осындай көмекті тағы да өз өндірісімізден қаймақ жіберу арқылы жасауды шешіп қойдық: колледждің оқу шаруашылығы сиыр ұстап оның өнімдерін өндіріп жүргендеріне де бірнеше жыл болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий