Қостанай облысы: Жарты ғасырдан асқан мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қамысты ауданындағы Бестөбе орта мектебі 1968 жылы салынған. Мектептің тарихы бай. Біздің мектептің атақты түлектерінің бірі Оразғали Зинелеевич болды. Ол ауылда ат спортын қайта жандандырды. Оразғали Жүсіповтың тәрбиеленушілері республикалық және халықаралық деңгейдегі ат жарыстарында жүлделі орындарды сан мәрте иеленген абыройлы азаматтар, – деп хабарлайды Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Мектеп мұғалімдері өз оқушыларын мақтан тұтады. Олардың ішінде-талантты ақын, 2020 жылдың түлегі Әсет Ақылжанов та бар. Ол республиканың елу үздік ақынының қатарына кірді, пән олимпиадаларының жүлдегері болды, А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлең-сөздің патшасы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Оның өлеңдері Абай туралы «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты үздік өлеңдер жинағына енді.
Барлық оқушылар мен педагогтар мектеп тарихындағы алғашқы кешенді күрделі жөндеу нәтижелерін тағатсыздана күтуде, оны іске асыруға Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 281,2 млн теңге бөлінді. Мердігер «ПКФ «ГРЕНАДА» ЖШС мамыр айынан басынан бастап жөндеу жұмыстарын бастады. Күрделі жөндеу кезеңінде 74 жұмыс орны құрылады. Қазіргі кезде құрылымдарды бөлшектеу толығымен аяқталды, екі қабаттың едендері, электр монтаждау жұмыстары, жылыту жүйесі жүргізілуде.
Екінші қабаттың қабырғалары тегістеліп жатыр. Ауыл тұрғындары мектептің жаңа келбетін көруге қуанышты. – Менің қызым биыл 1 сыныпқа барады. Мектеп табалдырығын жаңартылған мектепте аттайтынына мен өте қуаныштымын. Оқу кезеңінде балалар көп білім алады, достыққа үйренеді, балаларымыз өздеріне мектеп қабырғасында осындай жаңалықтарды ашады. Ал оларға біздің ұстаздарымыз бен біз ата-аналар көмектесесеміз, – дейді болашақ бірінші сынып оқушысының анасы Н.Шарапова.
Бұнымен мектеп директоры Гүлнар Жұмабекқызы Испамбетовада келіседі: – Біздің мектеп жөндеуден кейін заманауи келбетке ие болады. Бұл тек балалар, мұғалімдер ғана емес, барлық ауыл тұрғындары армандаған тамаша сыйлық. Бұл шығармашылықты арттыру, жаңа жетістіктерге шабыттану, жұмыс істеу және одан да көп нәтижелілікке үйрену бастамасы.
Загрузка...