Атырау облысы: Демеушілердің көмегімен 1310 компьютер сатып алынса, алдағы уақытта тағы үш мың данасын жеткізуге мүмкіндік бар
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен ұйымдастырылған алдағы жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы пысықталған селекторлық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен жоғары оқу орындарының ректорлары, колледж директорлары және “Қазақтелеком” АҚ-ның басшылығы қатысып, қашықтан оқыту режимінде әр оқушы мен пән мұғалімдерінің компьютерлік техникамен қамтылу жайы және интернет желісіне қолжетімділігі туралы сөз қозғалды, – деп хабарлайды аймақтағы осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Алқалы басқосуда жауаптыларға қажетті шараларды қолдану арқылы дайындық барысын күшейту жауапкершілігі жүктеліп, онлайн оқытуда шалғайдағы елді мекендерді интернет желісіне қосу, мектептердегі ғаламтор желісінің жылдамдығын және тарату нүктелерінің санын көбейту жұмыстарын құзырлы мекемелермен бірлесе шешу мүмкіндіктері айрықша атап айтылды. Сонымен қатар үнемделген қаражаттың есбінен қажетті компьютерлік техникаларды сатып алып, бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға беру жөнінде шешім қабылданған. Өйткені соңғы жеті жылдан бері білім беру ұйымдарына көп көлемде компьютер алынбапты.
2017-2019 жылдар аралығында әкелінген санаулы техникалық құрылғылар стем, робототехника сынды арнайы кабинеттерге қойылған. Қашықтан оқыту жүйесі енгізілген бірнеше айдың көдемінде компьютерлердің санын арттыру күн тәрбінен түспей тұр. Мамыр айында қалталылардың демеушілгімен 1310 компьютер сатып алынса, жаңа оқу жылына дейін тағы үш мың данасын жеткізу жоспарланған. Осылайша, техника тапшылығының реттелетіндігі күтілуде.
Атыраулық 1 – 11 сынып оқушыларының жаңа оқу жылында мектепті қашықтан оқитындығын білдік. Білім ордасының табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндердің ата-аналары бұл қаулымен келіспесе, арыз жазулары қажет. Жауаптылар бұл талапты ескергендіктен мектептердің жанынан кезекші сыныптар ұйымдастыруға дайын. – Онда міндетті бетперде режимі мен арнайы арақашықтық сақталмақ. Ал шалғайда орналасқан шағын жинақты мектеп оқушыларының сабақтары әдеттегідей жалғаспақ. Алайда сабақ уақытында бір кабинетте 10-15 адамнан аспауы тиіс және үзіліс уақыты да әртүрлі болуы шарт. Сондай-ақ, мектепке кірер алдында баланың температурасы өлшенетін болады, – дейді Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Орынтай Биманова.
Мұнайлы өңірде шағын жинақты жиырма алты білім ошағы бар. Олардың дені Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай, Махамбет және Индер аудандарында орналасқан. Ондағы жалпы оқушы саны – 1853. Облыс бойынша алдағы жаңа оқу жылында 131 мыңнан астам оқушының білім алатындығы ресми тіркелген екен. Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев өткен аптаның соңында қоғамдық бақылау шеңберіндегі осы облысқа барған жұмыс сапарында жергідікті мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесіп, бірінші кезекте жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты. Сұрақ қойған тұрғындардың көбі үш ауысымды мектептер мәселесі мен спорттық ғимараттардың қол жетімділігін арттыруға мән беруді ұсынған.
Загрузка...