Түркістан облысында биыл елу мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайтын болады

Түркістан – елімізде халқы тығыз орналасқан облыс. Мұнда оқушыларға орын жетіспейді. Мәселен, жарты миллион балаға өңірде 910 мектеп бар. Оның 12-і үш ауысымды әрі апатты. Сондықтан алдағы бес жылда мұнда 158 жаңа оқу білім ошағын салып, ескілерін қалпына келтіру жоспарланып отыр, – деп хабарлайды облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

– Үкіметтің тапсырмасымен «Қазақтелеком» және тағы басқа да интернет таратушы компания өте тығыз жұмыс жасап жатыр. Біздің облысымызда 80-ге жақын ауылда интернет мүлдем болмаған. Ауылдағы интернеттің сапасын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Және 70-ке жуық ауылда 2G деген интернет бар. Бұл 2G қашықтан оқытуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан кем дегенде 3G, 4G интернеті қосылуы керек. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауылды жерлердегі 139 мектепте оқу қалыпты режимде өтпек. Бірақ санитарлық талап, қатаң сақталуы керек, – дейді облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев.

– Бастауыш сыныптың оқушыларын ата-аналардың өтініштері бойынша кезең-кезеңімен кезекші топтарды штаттық режимде оқытуды бастауға мүмкіндік болатын сияқты. Мұнда да ахуалға байланысты. Елдегі ахуал тұрақталып, жағдай жақсару керек. Және санитарлық талап қатаң сақталуы керек. Мектеп табалдырығын аттаған бала мектепті көрмей, мұғалімін көрмей, оқулықпен таныспай, білім алу әлеміне қалай кіреді? Сондықтан бұл бізге үлкен уайым болып отыр. Өңірде бірінші сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау басталды. Тек арнайы порталдың көмегімен, онлайн режимде. Сәтін салса, биыл елу мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайтын болады.

Түлкібас аудандық білім бөліміне қарасты үш білім мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары, барлық пән кабинеттеріне су жүргізіледі. Кәріз жүйесі және де желдеткіш жүйесі қалпына келтіріледі. Жаңа оқу жылына бір жарым айдан уақыт қалды. Сондықтан білім ошақтарын техникалық жабдықпен қамту мәселесі өзекті тұр. Мамандардың есебі бойынша мыңнан астам мұғалімге компьютер қажет. Мәселені демеушілердің көмегімен шешпек ниетте. Ал кейбір ауылдарда әлі күнге интернет желісі жоқ. Ал онсыз қашықтықтан оқу мүмкін емес, – дейді Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдіскері Сұлтанмұрат Қыпшақбаев.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мектеп директорларымен қашықтан сапалы оқыту мәселесі бойынша дайындықтарын пысықтады. Онлайн байланыс кезінде әр пәнді үйде отырып оқуда ең тиімді және жаңашыл жолдарды қарастырудың маңыздылығы талқыланды. Талқылау барысында жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасы арқылы мұғалімдердің күнделікті сабақ беруі мен OnlineMektep қашықтықтан оқыту жүйесін орта білім беру ұйымдарына енгізу, Youtube каналына озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарын жүктеу мен оқушыларды техникалық құралмен қамтамасыз ету жағы пысықталып жатқаны айтылды. Сондай-ақ, ZOOM, Google Classroom, EduPage арқылы жұмыс жасау жолында дайындық барысы сөз болды. Сала мамандарының айтуынша, мектептерде карантин кезінде қарастырылған ыстық тамақ пен киім-кешектен үнемделген қаржыға көпбалалы отбасыларға планшет пен ноутбук әперілмек.

– Биыл 1-11 сыныпқа 44 000-нан астам оқушы келер болса, оның 22 000-ға жуығы, яғни 9 000-нан астам отбасын техникамен қамтамасыз ету жоспарланған. Биыл жаңа платформаға геймификация, яғни, оқыту процесін ойын техникасы арқылы іске асыру қарастырылуда. Оқушы әр өткен сабақтары үшін бонус жинап, нәтижесінде түрлі сыйлықтарға ие бола алады, – дейді сала мамандары. Одан өзге, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқан 26 мектеп мен бір балабақшаның құрылыс барысы да жергілікті биліктің басты назарында.

Бүгінде Қ.Сәтбаев, №21, №24 және С.Рақыммов мектептерінде жөндеу жұмыстары толық аяқталса, алты мекемеде жұмыс жүріп жатыр. Өз кезегінде қала басшысы, жөндеуде әсіресе ішкі әжетхана жүйесі мен мектеп ауласын қоршауға басты назар қою қажеттігін айтты. Айта кетейік, қаладағы 33 мектептің ішінде 28-інде ғана ішкі әжетханасы бар. Басқа мектептерде әжетхана қосымша салынып немесе модульді әжетханамен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий