Маңғыстау облысы: Алдағы оқу жылында алты жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Алдағы қыркүйек айында алты (3 мемлекеттік, 3 жекеменшік) мектептің құрылысы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар жыл соңына дейін Ақтау қаласының 34 шағын ауданындағы бір білім ордасының іске қосылатындығы жоспарлануда. Биылғы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 19900 оқушы келетіндігі жөнінде болжам бар. Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында ұйымдастырылған брифингте аймақтың бас ұстазы Асқар Сейдалиев атап айттыі, – деп хабарлайды Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Биылдан бастап бірінші сыныптарға құжат қабылдау Egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілуде. Бүгінде бірінші сыныпқа 12 мыңнан аса өтініш түсті, өтініш қабылдау тамыз айының 1-іне дейін жалғасады. «Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты биыл барлық мектептер қашықтан оқытылады. Жаңа жүйеге көшу барысында аз қамтылған отбасылардың оқушылары компьютерлік құрылғылармен қамтылады. Бұл үшін мектептердегі компьютерлік құрылғылар оқушыларға уақытша пайдалануға берілетін болады, – деді Асқар Абиұлы. 

– Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен  1,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 6700-ге жуық компьютерлік құрылғыларды сатып алу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар аз қамтылған отбасы балаларына меценаттар және кәсіпкерлердің қолдаумен компьютерлер мен ноутбуктар сатып алынады.  

Қашықтан оқыту барлық мектептерде mektep.edu.kz электронды журналы ақпараттық жүйесіндегі www.ok.edus.kz платформасында жалғасады. Платформада күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мен үй тапсырмалары, оқушымен кері байланыс, сынып жетекшілерінің сыныппен жұмыс жасау функционалы іске қосылды. Сонымен қоса барлық мектептер цифрлық білім беру ресурстарын қолданатын болады. Қашықтан оқытуды сапалы жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар өңірдегі байланыс операторларымен бірлесіп интернет жылдамдығы әлсіз шалғай елді мекендерге интернет жүргізу жұмыстары жүргізіп жатыр.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий