“Жас маман”: Жаңа жоба жастарға жол ашады

“Жас маман” жобасын, жалпы еліміздің дамуымыздың стратегиялық кәсіптік бағдары деп айтуға болады. Бүгінсіз – ертең  жоқ. Әсіресе қазақ жастарын кәсіпке баулудың идиологиялық жобасы. Бұл жоба нарықтың заңдылығын және еңбек нарығын зерттемей, асығыс  жасалуда. Әліде болса, тереңірек зерттеп, өзгерістер еңгізе отырып,  аяғына дейін жеткізуге, жоғары атқарушы билік пен заң шығару құрылымдары қолдаса деп ойлаймын.

Жобада кәсіптік бағдар орталығын құру ерекше айтылған. Дәстүрлі кәсіптік бағдаршылар (профорионтатор) тестілеумен, тренигтермен шектелді. Ғылыми түрде зерттеулер де көп болды. Дегенмен бүгін көріп отырғандар  жоғарғы оқу орындарын және колледжді бітірген жастар көбі өз мамандығымен жұмыс жасамайды. Біздер адамның ішкі потенциалын ынталандырып оята алмадық, келешек мансабын материалдық  тұрғыдан ғана айттық. Қазіргі уақытта адам ақшаға мұқтаж. Оны қалай табамын, қайдан аламын? Күн – көрісім  қалай болады? – деген сұрақтар жиі айтылады. Материалдық дүние бірінші жолға қойылды, ал адам өзінің  дамуын, еңбек құнын қалай өсіру керектігіне мән бермейді. Еңбек – құны, кәсіби маманның біліктілігі мен ептілігіне байланысты, нарық өзі анықтайды.

Адамға денсаулық, мінез, қасиет, ептілік беріледі. Адам іс – әрекет, еңбек арқылы өзін дамытуы эволюциялық заңдылық. Өзінің ішкі дүниесіне сай келетін мамандық таңдағанда ғана адам толық қанды өмір сүреді. Кәсіби маман болсаң табысыңды (еңбек құнында) өзің бағалайсың және табысты боласың. Ең  басты  мәселе, баланың 3-12 жас аралағында оның ебін, ыңғайын, қиял – арманын,  сенім – жігерін саралап, жіті байқағанда, оның келешекте кім болатынын анықтауға болады. Бұл ата-ана мен ұстазға үлкен жауапкершілік, әсіресе ұстаздың шәкіртіне деген еңбегі, сол мамандық иесін дөп басуы. Таңдаған мамандық бірінші – адам  дамуына, отбасы мен қоғамға пайдасы бар болуы тиіс. Соған байланысты төменгі сызбаға назар аударып, тандаған мамандық бойынша сол сұрақтарға жиі жауап іздеп, қағаз бетіне түсіріп отыру керек.

МЕН

Өз кәсібім жайында не білемін?

Кәсібім

Кәсібімнің келешегі?

Кәсібім дамуыма не береді?

Кәсібім – өмір мағынасы

Адамдарға пайдасы?

Кәсібімді ұрпағыма  қалдырамын ба?

Кәсібім арқылы тұлға болып қалыптасуым

Мансабымның өсуіне кәсібімді қалай қолданамын?

Колледждегі кәсіптік бағдар орталығы. Бірінші: мектеп оқушыларына арналған колледждік салалақ бағытына қарай үйірмелер (технологиялық бағыттарға; робототехника немесе қолданбалы техникалар және тағы басқалар) болуы. Инженерлік ойы бар балаларды алдын – ала өздеріне дайындайды. Мектеппен тығыз байланыс орнатылады. Екінші: еңбек нарығынан өндіріс саласының дамуы жайында мағлұматтарды ата-аналарға және жастарға түсіндіріп қайта оқу курстарын бітіртіп, жұмысқа тұрғызуға болады. Үшінші: колледж түлектерін қайта оқыту қысқа курстарына тартып, жұмысқа тұрғызу.

Төртінші: бітіріп кеткен студенттердің базасын құрып, олардың мансаптық өсуін қадағалау, дамыту. «Жас Маман» жобасының басты мақсаты – біліктілік орталығын ашу және мамандарды, студенттерді сол жерден оқытып – үйрету, өндіріс мамандарының өздері келіп бағалауы. Жас маман” жобасы  техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне үлкен қолдау көрсетеді. Біліктілік орталығы үшін жаңа технологиялық жабдықтар мен аспаптар алынуда. Колледждің өзінде кіші өндіріс орны ашылып, студенттердің біліктілігін жетілідіріп,  оқыту процессін дамытамыз. Бұл колледж мұғалімдері мен инженер қызметкерлеріне өздерін дамыту үшін, кәсіби бағдар ашып отыр.

Біліктілік орталық арқылы колледж беделін қоғам алдында және жұмыс берушілер алдында көтереміз. Жұмыссыз жүрген немесе мамандығын өзгерткісі келген жастар қайта оқытып – үйрету дайындығынан өтіп, табысты жұмысқа араласуына мүмкіншілік туады. Бұл орталық WorldSkills бойынша салалық құзыреттілік орталықтарына айналады. Қолледждің жалпы құрылымы кәсіби бағдар беретін жүйе. Нарықтың өзгерісін алдын – ала болжап отыратын, маркетинг, орталық деп те қарауға болады.

Колледждің жаңа құрылымы қысқаша айтатқанда төрт бөліктен тұрады: кәсіптік бағдар орталығы: технопарк, тестілеу, қайта оқыту, жұмысқа тұрғызу; оқыту алаңы: модульдік әдістеме, оқу бағдарламасын жаңаландыру, қысқа оқу орталығы (мастер- класс); өндіріс алаңы: оқыту өндірісі, кіші өндіріс,қызмет көрсету; инвестиция алаңы: біліктілік орталығы, өндіріс технологиясы, білім технологиясы, маркетинг, индустриалдық кеңес, жұмыспен қамту, стартап жоба. Төрт бөлік бір – бірімен тығыз байланысты. Бұл «Жас маман» жобасына сәйкес келеді. Осы жобаны түзету мен өзгертулерді ескере отырып, аяғына дейін алып шықсақ, еліміздің индустриалды экономикасының көтерілуіне себеп болады. Қазақ жастарына бұрынғы «жұмысшы»  мамандығының орнына жаңа кәсіби мамандықтың маңызын көрсетіп, оның табыс қөзі екеніне көзін жеткізе аламыз.

Манарбек Қаратайұлы ИБРАЕВ,
Қарағанды агротехникалық колледжінің директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий