Еуропалық физика олимпиадасындағы павлодарлық оқушылардың жеңісі
Қазақстан құрама командасы алғаш рет 2020 жылғы 20-26 шілде аралығында қашықтан өткізілген Еуропалық физика олимпиадасына қатысты. Еуропалық физика олимпиадасы – бұл ғылымға, танымға және есептерді шешуге қызығушылық танытқан дарынды балаларға арналған халықаралық олимпиада. Шараға елу жеті елдің 250 оқушысы қатысты, – деп хабарлайды “Ертіс дарыны” өңірлік қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы.
Қазақстан командасы құрамында бес оқушы – 2019 жылғы физика пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, еліміздің олимпиадалық резерв мүшелері қатысты, онын ішінде Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Коблан Мирас (11 сынып) және Драганчук Антон (10 сынып). Зияткерлік жарыс қорытындысы бойынша Драганчук Антон – күміс медальді жеңіп алса, Коблан Мирас – қола медальді еншіледі (мұғалімдері – Билида Анатолий Николаевич). Жүлдегерлеріміз бен ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!
Загрузка...