Жаңа оқу жылынан бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы 20-30 пайызға өседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес жоғары оқу орындарындағы грант құнын өсіру туралы Үкімет қаулысы қабылданды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл шара ҚР БҒМ қарасты жоғары оқу орындарындағы екі мәселені шешуге мүмкіндік береді: жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын өсіру; университеттердегі материалдық-техникалық базаны нығайту. 2019-2020 оқу жылында жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысы орта есеппен жиырма пайызға өскен болатын. Ал 2020-2021 оқу жылында оқытушылар жалақысы шамамен 21-32 пайызға дейін көтерілетін болады.