Филологтар адамның жанын да, тәнін де емдей алатын әмбебап маман болып шықса несі жаман?!

Бұл пандемиядан түйгенім – кейбір жоғары оқ орындарында әскери кафедраны өз мамандығымен қоса бітіріп шығатынындай, болашақта бүкіл студентке қарапайым қан қысымын дұрыс өлшеуді, укол салуды, система қоя білуді жүйелі оқытып жүз пайыз үйретіп шығаратын міндетті медициналық пән қажет сияқты, – деп жазады журналист әріптесіміз Мирас Асан фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.
 
Мысалы, кеше әкеміз қатты ауырғанда укол салатын адам таппай қатты қиналдық. Тіпті, медицинаға жақын кей мамандықтарды қайта реформалап, дәрігерлер санын арттырғанымыз жөн бе деймін? Мысалы, филологтар төрт жыл ішінде адамның жанын да, тәнін де емдей алатын әмбебап маман болып шықса несі жаман?!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий