Ақмола облысында жаңадан алты мектептің құрылысы жүргізіліп, 84 білім ордасында ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары жсалуда

 

Биылғы 2020-2021 оқу жылы облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту форматында басталады. Бірақ, ауылды аймақтардағы шағын комплектілі мектептер дәстүрлі форматта білім беру жүйесі бойынша оқытады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, – деп жазады Ақмола облыстық “АРҚА АЖАРЫ” газетінің сайты.

Жаңа оқу жылының дайындығына арналған брифингте облыстың 250 ауылдық шағын комплектілі мектептері дәстүрлі форматта, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып бастайтыны айтылса, 307 білім ордасы қашықтықтан оқытатын болады. Жалпы, облыста биылғы жаңа оқу жылында 132 мыңнан астам оқушы білім алады деп болжануда, ал бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны шамамен 15 мыңдай болуы мүмкін.  Бастауыш сыныптардың оқушылары ата-аналардың өтініштері бойынша мектептерде ашылатын кезекші топтарда оқуға мүмкіндіктері бар, оның өзі санитарлық талаптар мен белгіленген ережелер негізінде жүргізеледі.

– Облыс мектептерінде 16 мыңнан астам компьютер бар, сонымен бірге компьютерлік паркті жаңарту мәселесін шешу мақсатында биыл 1400 құрал қосымша сатып алынды. Қашықтықтан сабақ өткізетін мектептердің компьютерлері техникалық құралы жоқ оқушыларға уақытша қолдануға беріледі, – дей келе басқарма басшысының орынбасары биылғы жылдың соңына таман алты мектеп пайдалануға тапсырылатыны, 84 мектепке ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы баяндады.

Педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдерді қашықтықтан оқыту форматына даярлап, дағдыландыру және балалары қашықтықтан оқитын ата-аналарға түсіндірмелік жұмыстар жүргізу үшін арнайы курстар әзірлепті.  Брифинг барысында 2020-2021 оқу жылы бойы оқушылардан мектеп формасы талап етілмейтіндігі де айтылды. Яғни, оқушылар классикалық стильдегі қолда барын киіп баруларына рұқсат етіледі.

– «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында биыл әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың оқушыларына бюджет қаражаты және демеушілердің бөлген қаржысына компьютерлік техникалар сатып алу қарастырылуда. Бұл акцияға бизнес-құрылымдарының өкілдерін мен аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмек қолын созуға дайын барша адамдарды қатысуға шақырамыз, – деді Валерий Гамазов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий