Адалдық сағаты: Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында кезекті онлайн «Адалдық сағаты» республикалық акциясы «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» тақырыбында өтті, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның ресми сайты.

Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені биыл бүкіл әлем мойындаған және 2020 жылға арналған халықаралық естелік күндер күнтізбесіне енгізілген Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Әл-Фараби өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған. Оның мәңгілік адами құндылықтар туралы баяндаған туындылары қазіргі әлемнің інжу-маржаны болып қала бермек.

Ғұлама «тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы» деп мәлімдеген. Бейне-дәріс күн сайын 17-24 шілде аралығында республикалық және өңірлік телеарналардың эфирінен таратылып отырды. Одан бөлек, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, аумақтық департаменттер мен «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді. Онлайн форматтағы «Адалдық сағаты» тек жастар арасында ғана емес, барлық қазақстандықтар арасында да үздіксіз тәрбие және ағарту жұмыстарын жүргізуге ықпал етті.

Республикалық акцияның басты мақсаты – ұлы ақынның еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру болды. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың мамыр айында адалдық сағаты «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында ұйымдастырылған болатын. Жаңа оқу жылының басында өтетін акция тағы да бір ұлы тұлға – Қожа Ахмет Яссауиге арналмақ.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий