“Туризм білімпаздары – 2020”: Ақмола облыстық онлайн жарыстың қорытындысы

 

«Менің Отаным – Қазақстан» кіші жобасын, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының бастамасымен жергілікті оқушылар арасында «Туризм білімпаздары-2020» облыстық туристік онлайн – жарыстарды ұйымдастырды, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Онлайн-жарыс салауатты өмір салтын, сонымен қатар аймақта туризмді насихаттау, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, балалар мен жастарды спорттық туризмге, туристік қозғалысқа тарту мақсатында өткізілді. Онлайн-жарысты өткізу барысында келесі міндеттер шешілді: жаяу туризм техникасы бойынша дағдылар мен біліктерді пысықтау; аймақ бойынша жаппай туризмді насихаттау және одан әрі дамыту; туристік білім мен дағдылар бойынша мықты командаларды анықтау. Жарысқа өңірдегі аудандары мен қалаларынан алты команда қатысты. Қатысушылар саны алпыс бір адамды құрады.

Оның ішінде: Біржан сал ауданынан – 18 адам, Бурабай ауданынан – он бес адам, Жақсы ауданынан – 6 адам, Зеренді ауданынан алты адам, Сандықтау ауданынан – 2 адам, Целиноград ауданынан он төрт адам. Қатысушылар «туристік түйіндердің білімпаздары», «топ білімпаздары», «жорықта зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету» номинациялары бойынша жарысты. Жарысқа қатысушылардың өнерін бағалау үшін бейнефильмдер ұсынылды. Сөз сөйлеуді бағалау кезінде ескерілді: конкурстық тапсырмаларға жауаптардың дәлдік дәрежесі; практикалық шеберлік пен дағдыларды көрсету; командалық жұмыс, барлық команданың тартылуы; бейнефильмнің дыбыс және сурет сапасы; команда қатысушыларының сыртқы түрі (формасы, ұраны, эмблемасы және тағы да басқалар).

«Туристік түйіндер білгірлері» номинациясында: бірінші орын – Біржан Сал ауданы «ОӨК» ММ командасы; екінші орын – Зеренді ауданының Зеренді ОМ және Айдабол ОМ командасы; үшінші орын – Бурабай ауданының «Арман» МТОТЖО командасы. «Топобелгілер білімпаздары» номинациясына ие болды: бірінші орын – Біржан сал ауданынан «ОӨК» ММ командасы, екінші орын – Бурабай ауданынан «Арман» МТОТЖО; үшінші орын – Зеренді ауданының Зеренді ОМ және Айдабол ОМ командасы. «Жорықта зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету» аталымын иеленгендері атап айтсақ. 

Бірінші орын – Біржан сал ауданынан «ОӨК» ММ командасы; екінші орын – Бурабай ауданының «Арман» МТОТЖО командасы; үшінші орын – Целиноград ауданы Ақмол ауылының №5 ОМ. Қорытындысы бойынша үш номинация бойынша иеленді: бірінші орын – Біржан сал ауданынан «ОӨК» ММ командасы; екінші орын – Бурабай ауданының «Арман» МТОТЖО командасы; үшінші орын – Зеренді ауданының Зеренді ОМ және Айдабол ОМ командасы. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Онлайн-жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтарға Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий