Білім және ғылым министрлігі мен Майкрософт – Қазақстан мәмілеге келді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Майкрософт-Қазақстан оқу процесінің сапасын жақсарту және цифрландыру арқылы қазақстандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беруді цифрлық түрлендіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді, – деп жазады республикалық “Egemen.kz” сайты.


Осы мақсатта тараптар Өзара түсіністік туралы меморандумға (ӨТМ) қол қойды. Ниеттерге сәйкес, білім беруді цифрлық түрлендіру саласындағы әлеуетті ынтымақтастық келесі бағыттарды қамтиды: – Білім беруді цифрлық түрлендіру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және дамыту; – Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің педагогтары мен оқушыларының цифрлық сауаттылығын, цифрлық дағдылары мен құзыреттілігін арттыру; – Инклюзивті білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту; – Білім беру цифрлық бағдарламалары мен бағдарламалық-техникалық шешімдерді ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және өткізу.

– Тәжірибе алмасу және Microsoft корпорациясының білім беруді түрлендірудегі үздік әлемдік тәжірибелерін ұсыну “Цифрлық технологиясыз заманауи білім беру мүмкін емес. Мектептерде бірінші сыныптан бастап балалар цифрлық технологияларды оқи бастайды, сәл кейінірек алгоритмдер мен бағдарламалау басталады. Осылай барлық деңгейлерде. Тіпті университеттердегі пәнаралық бағыттар компьютерлік ғылымдарды зерттейді. Меморандумға қол қою – Microsoft компаниясымен “цифрлық білім беруді” құру бағытындағы жұмыстың жалғасы болып табылады”, –  дейді Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Биғари Рүстем.

Меморандум аясында Microsoft “Microsoft Education Transformation Framework” әдіснамасы негізінде білім беруді түрлендіруде үздік тәжірибелерді ұсынады. “Microsoft Digital Literacy” оқу жоспарын және “Microsoft Innovative Educator” (“Инновациялық педагог”) халықаралық бағдарламасын ұсыну арқылы педагогтар мен оқушылар арасында цифрлық сауаттылықты арттыруға қолдау көрсетеді.

– Цифрлық технологиялар оқытуды әлдеқайда қызықты, тиімді және инклюзивті ете алады, студенттерге болашақ мамандықтары үшін қажетті дағдылар мен білім береді және мұғалімдерге балаларды оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу үшін қажетті құралдарды ұсынады. Microsoft білім беру шешімдері әр оқушыға көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Біздің бірлескен жоспарларымыз Қазақстан Республикасында білім беруді цифрлық түрлендіру процесін жеделдетеді деп үміттенеміз, – деп атап өтті Майкрософт-Қазақстан директоры Тибор Колеяк.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий