Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін тамыз айының 20-ына ға дейін ұзартады. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz “электрондық үкімет” порталы арқылы қабылданды, – деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатынын естеріңізге саламыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий