Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 17 тамызда басталады

Оқуға түсушілердің жеке кабинеттеріне (ҰТО сайтында) КТ өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі. Тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электрондық нысанда беріледі. КТ 18 өңірлік тестілеу орталығының базасында компьютерлік форматта өтеді. Академиялық адалдықты сақтау мақсатында әр компьютер бейнекамерамен қамтамасыз етіледі, – ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Әр қатысушы үшін тестілеу дербес басталады. Тестіленушілер сұрақтарды өткізіп жіберіп, алдыңғы сұрақтарға қайта орала алады және жауап нұсқаларын өзгерте алады. Тестілеу аяқталған соң отыз минут ішінде аппеляцияға тапсыруға болады. Тестілеу уақыты – 3 сағат 55 минут, тапсырмалар саны – 130. Комиссия оқуға түсушіні тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін немесе бөгде адам арқылы тестілеуді тапсыруға тырысқаны үшін кешенді тестілеуге жібермеуі мүмкін. Тестіленушілерді кіргізу және отырғызу кезінде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий