Докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жүзеге асырылады

Карантин режимінің ұзартылуына байланысты докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жүзеге асырылады. Докторантураға түсу емтихандарын 17-22 тамыз аралығында жоғары оқу орындары өздері өткізеді. Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

PhD мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік гранттардың саны 1 815 құрайды. Емтихандарды өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің жұмысы ұйымдастырылады, оқуға түсушілерді аудиторияларда отырғызу барысында әлеуметтік қашықтық қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қатаң маска режимі сақталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий