Биыл қанша бүлдіршін балабақшаға барады?

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше биылғы шілде айындағы статистикалық мәліметтердің қорытынды есебі бойынша елімізде 10,7 мың балабақша бар. Онда тоқсан жеті мың педагог еңбек етеді. 906 мыңға жуық бала балабақшаға барады. Олардың 40,6 пайызы жеке балабақшалар. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші жетпіс сегіз пайызды, ал 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші тоқсан сегіз пайызды құрайды.

Ал карантин уақытында балабақшалар тәрбиеленушілерді тек кезекші топтар бойынша, яғни 15 баладан артық қабылдамайды. Finprom.kz сайтының хабарлауынша арнайы зерттеу жүргізген мамандардың дерегіне сәйкес мектепке дейін тәрбие мен білім беру саласында көрсетілген қызмет көлемі осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 105,6 миллиард теңгеге жетіп, жылдық өсім 24,6 пайызды құраған. Одан бөлек білім беру саласында көрсетілген қызмет көлемі 29,5 пайызға артып, 655,1 миллиард теңгені көрсеткен. Ал мектепке дейінгі білім беру қызметінің үлесі 16,8 пайыздан 16,1 пайызға азайған.

Сала мамандары биылғы жылдың алғашқы тоқсаны бойынша республика өңірлерінің арасында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында ең көп қызмет Түркістан облысында көрсетілді (14,1 млрд теңге). Алматы қаласы (10,5 млрд теңге) мен Жамбыл облысы (9,1 млрд теңге) келесі орында тұр. Бұл салада жылдық өсім еліміздің он жеті аймағында байқалғанын айрықша атап айтады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий