Алматы облысының мектеп директорларына арналған вебинарға 653 адам қатысты
Білім және ғылым министрлігінің қашықтан оқыту жүйесінің негізгі бағыттарын, санитаралық эпидемиологиялық жағдайға байланысты түрлі форматтарға ауыстыруды түсіндіру бойынша Алматы облысының мектеп директорларына арналған вебинар ұйымдастырылды. Бұл әңгімеге ZOOM платформасы арқылы 499 және салалық министрліктің facebook парақшасы бойынша тікелей эфирге 154 мектеп директоры қатысты, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Вебинар жұмысына әдістемелік орталықтың әдіскерлері, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты. Вебинар спикерлері ретінде «ONLINE MEKTEP жобасы туралы» Bilim Media Group компаниясының өкілі Мырзаханов Қанат; «Электрондық оқулық платформасы туралы» «Алматыкітап» баспасының бас редакторы Өмірзақ Әбдішүкірұлы; «МЕКТЕП online білім беру арнасы туралы» МЕКТЕП online каналының өкілі Қайрат Бамуратов; «Kundelik.kz» жаңа функционалдары туралы» ақпараттық жүйесінің өкілі Марат Ещанов, «Ы.Алтынсарин ҰБА ұйымдастырған жазғы сессия бағдарламасы негізінде біліктілікті арттыру курстары туралы» – Цифрлық Академия компаниясы өкілі Халида Иманжанқызы сөз сөйледі.
«Қашықтан оқыту жағдайында қандай ақпараттық технологияларды қолданып онлайн оқуды жақсартуға болады?» Петропавл қаласындағы НЗМ ДББҰ физика, информатика пәні мұғалімі Уалиев Данияр; «Мектепалды даярлық сыныптарына арналған әдістемелік құралдармен электронды форматтағы контенті таныстыру» «Shuǵylakitap баспасы» өкілі Cтыбаева Айгүл Шілдебайқызы, «Daryn.online» платформасының мүмкіндіктері» Daryn.online компаниясының өкілі Асқар Мақсатұлы, «Shakirt Online мектебі: Бастауыштың негізгі пәндерін оқытатын онлайн білім беру платформасы туралы» жекеменшік мектептер өкілі Алишева Қымбат Маратқызы түрлі тақырып бойынша ойларын ортаға салды.
Загрузка...