Мектепке сый
Әлемнің екінші ұстазы атанған, күллі түркі жұртының ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы биылғы жылы мемлекеттік деңгейде тойланып жатыр. Біз үшін бұл мерейтойлардың маңызы ерекше. Біздің мектептің ұстаздары мен оқушылары, ата-аналар атаулы мерейтойларға белсене атсалысуда. Мектебіміздің ашылғаны жуық арада болса да бірінші күннен-ақ өз ақылымен, оқуға деген ынтасымен, шығармашылығымен көзге түскен оқушыларымыз аз емес, солардың бірі – Іңкәр Карбаева.
Жалпы Карбаевтар отбасы сыныпаралық, мектепішілік іс-шаралар болсын барлығына қатысып, қалмауға тырысады. Іңкәрдің ата-анасы білім беру саласында жұмыс істейді, онымен қоса анасы тігін тігудің шебері болса, әкесі түрлі макеттер жасауға бейім екен. Ал Іңкәрдің ағасы роботты техниканы игеріп, түрлі көліктер жасап үйренуде. Карбаевтар отбасы мектебімізге Әл-Фараби, Абай, Шәкәрімге арнап ғимарат макеттерін тарту етті. Бұл макеттің тарихи маңызы жоғары. Осы арқылы біздің оқушылар көп мағлұматпен қанығып, өткенмен таныс болмақ.
Анар БАЙГЕНЖИНА,
№ 29 орта мектебінің мектеп алды даярлық
сыныбының тәрбиешісі, Қостанай қаласы