Онлайн оқуға дайындықта нені ескеру қажет?
Онлайн оқуға дайындықта не маңызды? Балаңыз үйде босаңысып кетпеу үшін нені ескеру қажет?, – деп жазады республикалық “БАҚ.кз” сайты. Оқу жылының басталуына санаулы апта қалды. Бұрын осы уақытта киім-кешек пен оқу-құралдарын алып дайындалсақ, биыл материалдық емес, моральдік дайындық өзекті болып тұр.
Өткен жылғы қателіктерді еске түсіру және оның алдын алу. Ата-аналардың көбі интернеттің нашарлығы, смартфон мен ноутбуктың жетіспеуі сияқты мәселелермен бетпе-бет келді. Егер осы құралдармен қамтамасыз етуге жағдайыңыз келмесе, бұл туралы мектеп басшылығына алдын ала ескерту қажет екенін ұмытпаңыз. Интернеттің тиімді тарифтерін осы бастан қарастырыңыз. Екіншіден – мектепте балалар үшін партаның жайлы болуы маңызды болса, үйде де сондай ыңғайлы жағдай жасау қажет. Ал үйде бірнеше бала болса, олардың бір-біріне кедергі келтірмеу жағын ескеріңіз. Бөлек бөлмеде білім алуларына мүмкіндік болмаса, бөлек үстел, ыңғайлы құлаққаппен қамтамасыз етуге тырысыңыз. Диванда отырып, төсекте, жерде жатып сабақ оқуына жол бермеңіз.
Загрузка...Үшінші – мектеп режимін сақтауға тәрбиелеңіз. Ұйқыдан тұра сала сабақ оқып, арасында ас ішіп отырмауын қадағалаңыз. Сабақты орындау, сүйікті іспен шұғылдану, серуендеу сияқты пункттерден тұратын режимді қалыптастырып, соны ұстауға тырыссаңыз, өзіңізге де, балаңызға да пайдалы болады. Үйде екенбіз деп босаңсып кетпейсіздер. Төртінші – онлайн оқу кезінде бала көп уақытын монитор алдында өткізуге мәжбүр. Сондықтан осы бастан жанарына түсетін артық жүктеменің алдын алып, каникулда смартфоннан алыстатуға тырысыңыз. Бесіншіден -бұл қиындықтар уақытша екендігін ұмытпаңыз. Ең бастысы, балаңыздың денсаулығы. Онлайн оқудың минустарын емес, плюстарын көбірек ойлаңыз.