Ақмола облысы: “Уақыт – байланыстырушы желі” мектеп және колледж музейлерінің сырттай байқауы ұйымдастырылды
Аймақтағы балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы облыстағы жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында “Уақыт – байланыстырушы желі” мектеп және колледж музейлерінің сырттай байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақмола облысының мектеп музейлерін дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Байқау білім беру ұйымдарында мектеп музейлерінің маңыздылығын арттыру, музейдің өскелең ұрпаққа педагогикалық ықпалының мазмұнын, әдістері мен формаларын жетілдіруіне бағытталған. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, оқушылардың ізденушілік, ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру, педагогтар мен білім алушыларды мектеп музейлерін алуан түрлі қызметіне қосу арқылы музей педагогикасын дамыту үшін жағдай жасау; тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауды қалыптастыру – іс-шараның мәндеттері болып табылады.
Загрузка...Байқауға барлығы 36 қатысушы қатысты. Олар «Музей тарихы», «Отбасылық жәдігер», «Өткенің жұмбақтарына саяхат», «Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы» сияқты номинациялар бойынша өздерінің видеобейне түрінде дайындаған жұмыстарын ұсынды. «Уақыт – байланыстырушы желі» мектеп және колледж музейлерінің сырттай байқауының қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орын Жақсы ауданына, екінші орын Атбасар ауданына және үшінші орын Сандықтау ауданына берілді. Барлық қатысушылар мен жетекшілерге сертификаттар табысталып, жеңімпаз оқушылар мен үздіктерді дайындаған педагогтер орталықтың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.