Жамбылдық медицина қызметкерлеріне қолдау көрсеткен салалық колледждің басшылары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды
Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев «Оттегі SOS» акциясына қатысып, белсенділік танытқан «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің директоры Айнұр Жексембинова мен осы оқу орнының құрылтайшысы Қанат Асқаровты Жамбыл облысы әкімінің алғыс хаттымен марапаттады, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
– Бір ай бойы педагогтарымыз баллондарды толтыру орнында волонтерлер мен оттегіні жеткізуге қатысқандардың барлығына күніне екі мезгіл ыстық тамақ дайындады. Қанат Пернебайұлының қолдауымен және колледж қызметкерлерінің жинаған қаражатына қажетті азық-түліктер сатып алынды. Әлемді жайлаған індет жақындарымыздың да денсаулығына әсер етпей қоймады. Сондықтан біз қиын сәтте дәл осылай кол ұшын созуды жөн көрдік. Бүгінгі таңда барлық мұқтаж жандардың жанынан табылып жүрген еріктілерге де көмек қажет, басқаларға көмектесу үшін оларға күш қажет. Сонымен қатар, құрылтайшымыз «Шұғыла» қоғамдық қорына қаражат аударып, оған Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығына төрт оттегі концентраторы сатып алынды,— деп толықтырды Айнұр Жексембинова.
Загрузка...Облыс әкімінің орынбасары COVID-19-ға қарсы белсенді күрес жүргізіп, қоғамда орын алған мәселелерге бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік танытқан еріктілер тобына және «Оттегі SOS» акциясының белсенділеріне облыс басшылығы атынан шын жүректен алғысын білдірді.