Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызметі: Жапсыру
Тақырыбы: «Бақшадағы көкөністерді жинау»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы, ондағы болатын ауа райындағы өзгерістер туралы түсінік беру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Жапсыру іскерлік дағдыларын дамыту, қию әдіс- тәсілдеріне машықтандыру. Түрлі- түсті қағаздан көкөністерді қиып, композиция құра білу іскерліктерін арттыру.. Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек нәтижесіне ұмтылуға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: түрлі- түсті қағаздар, ақ парақ, желім, қайшы, сүрткіш, қарындаш.
Көрнекіліктер: слайд, күз мезгілінің суреттері, бақшадағы көкөністер суреттері.
Сабақтың барысы:
(Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін жасайды)
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлеметпе, міне мен,
Доспын енді сенімен.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ал күз мезгілінде ауа райында қандай өзгеріс-
тер болады?
Балалар: Күн суытады, құстар жылы жаққа ұшады, жаңбыр жиі жауады, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түсе бастайды.
Тәрбиеші: иә, дұрыс балалар. Ал, күз туралы кім тақпақ біледі?
Балалар: барлығы тақпақтарын айтады.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, ал енді мен сендерге жұмбақ жасырғым
келіп тұр. Шешуін тауып көремізба?
Балалар: Иә
Жұмбақ:
Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузына салма.
(Қызанақ)
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, бұл жеміске жатама, әлде көкөніске жатама?
Балалар: Көкөніске жатады.
Тәрбиеші: Иә, сонымен балалар бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Бақшадағы көкөністерді жинау» деп аталады. Көкөністер бақшада өседі. Көкөністерге нелер жатады: сәбіз, қызанақ, қияр, қырыққабат,пияз т.б. Оларды күтіп баптайтын адамды бағбан деп атаймыз.Сендер бақшаны көздеріңмен көргілерін келедіме?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Ендеше біз бағбан атаның бақшасына саяхат жасайық.(балалар орындарынан тұрып, қолдарынан ұстап, бақшаға барады,алдарынан бағбан ата шығады)
Бағбан ата: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Бағбан ата: Мен бағбан ата боламын, менің бау-бақшамда әртүрлі көкөністер өседі. (Бағбан ата бақшасын көрсетіп, түсіндіреді.)
Тыныс алу жаттығуы: Таза ауада тыныс алу
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық»
Шарты: қапшыққа бала қолын салып, бір көкөністі алады да, оның атын, түсін, пішінін айтады.(балалар ойынды кезекпен ойнайды.)
Бағбан ата: Жарайсыңдар , балалар. Сендер менің ойынымды жақсы ойнадындар.
Тәрбиеші: Балалар бізге бағбан атаның тапсырмасы бар екен, орындаймызба?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Олай болса орнымызға отырып тапсырманы орындайық. Сендердің алдарында ақ қағазда себет көрсетілген. Сол себетке қызанақ пен қияр көкөнісін қиып жабыстырамыз. Бізге керек құралдардың барлығы сендердің алдарында тұр. Бірақ біз тапсырманы орындамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Қауіпсіздік ережесі: Қайшыны дұрыс ұстау керек. Оны көзімізге тақамаймыз, қайшыны төмен қаратып ұстаймыз. желіммен ұқыпты жұмыс жасау керек. Желіммен жұмыс жасап болған сон, қолымызды арнайы сүрткішпен сүртеміз.
Жұмыс барысы: алдымызда тұрған қызыл түсті шаршы пішіндес қағазды алып , бұрыштары бойынша қиямыз. Қиылған қызанақ көкөністі себетке жабыстырамыз. (балалар тапсырманы тәрбиешімен бірге жасайды)
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі. (сергіту сәтін бәрі бірге жасайды)
Жұмысты ары қарай жалғастыру. Жасыл түсті тіктөртбұрыш пішінді қағазды бұрыштары бойынша қиямыз. . Себетке қиылған қиярды жапсырамыз. (балалар тапсырманы аяқтайды)
Қорытынды:
–Балалар бізде қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде бақшада нелер өседі?
-Біз бүгін ненің суретін қиып жабыстырдық?
-Қызанақ пен қияр жеміске жатама, көкөніске жатама?
-Олардың пішіні қандай?
-Түсі қандай?
Мадақтау
Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгін ашық оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Барлықтарынның жұмыстарынды өте жақсы деп жұлдызша арқылы бағалаймын.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Күз мезгілінің ерекшеліктерін;
Игереді: Көкөніс пен жемісті ажыратуды
Меңгереді:Пішіндер арқылы жемістер мен көкөністерді қиюды.
Жылкыбаева Кырмызы Аскербековна,
Нұр-Сұлтан қаласы 64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасының тәрбиешісі.