“Балдәурен – Қапшағай”: Бағдаршам – 2020

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан биылғы жылға арналған жоспар кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының Қапшағай қаласындағы филиалындағы қызметкерлердің бастамашылдығымен кезекті оныншы ауысым аясында «Бағдаршам – 2020» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауда Түркістан облысы Мақтарал ауданының демалушы балалары жолда жүру ережелері бойынша бақ сынады.

Балалар мен жасөспірімдер бойында жеке қауіпсіздігі мен айналадағы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мәселесіне саналы және жауапты түрде қарым-қатынасын қалыптастыру үшін, бойында азаматтық жауапкершілік сезімі бар мәдени және зияткерлік деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында болды. Жаз айының бұл ауысымы көтеріңкі көңіл-күйде басталды. Он бес күн бойы балалар үшін ауысым бағдарламасы барысында көптеген қызықты іс-шаралар, концерттер, шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды.

Балалар ауысымның үшінші күнінде-ақ «Бағдаршамды бағамда!» деп аталатын топ визиткасын қорғау кешінде бір-біріне адалдық, достық қасиеттерін көрсете білді. Алғашқы топтық жұмыстарында балалар ауысым тақырыбына сай киініп, ұрандар мен санамақтарын айтып, әндерін шырқады. Ауысым қатысушылар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау, білімдерін кеңейту, жолда жүру ережелері бойынша тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, шеберліктерін жетілдіру, азаматтық сана қалыптастырып, қоғам алдындағы жауапкершілікті ұғындыру, жол қауіпсіздігі біліктілігін арттыру, шығармашылық дағдыларын дамытып, рухани құндылықтар мен патриоттық рухқа тәрбиелеу міндеттері жүзеге асты.

«Бағдаршам-2020» байқауы Алматы облысының ІІД Жергілікті полиция қызметінің мамандарының бірлескен түрде жүргізілгенін айрықша атап айтқанымыз абзал. Байқауға жоғары топтардан бес команда саптық байқау, жолда жүру ережелерінің білгірі, сурет байқауы, жас санитар және тағы да басқа түрлі жарыстарға қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету мақсатында аусымда түрлі іс-шаралар өтті. Жолда жүру ережелерін оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Нұрперзент ЕРПОЛАТ,
“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру
орталығының әдіскері, Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий