Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі: Барлық 490 мектепті жаңа оқу жылына дейін жоғары жылдамдықты интернетке қосу үшін 163,5 миллион теңге бөлінді

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіп, алдағы даңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысын баяндады. Әкімнің айтуынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, білім беру процесін бірнеше бағыт бойынша ұйымдастыру көзделуде, – деп хабарлайды Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс аумағында 490 мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында оқушылардың алдын ала контингенті 108,6 мың оқушыны, 13 мың педагогті құрайды. Бірінші сыныпқа 12 мыңнан астам бала барады. Барлық мектептерде, ауылдық шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, өткен оқу жылының төртінші тоқсанның тәжірибесі бойынша оқу жылын қашықтықтан бастау жоспарланған. Облыста жалпы контингенті 18,6 мың оқушыны қамтитын 330 шағын жинақталған мектеп бар. Оның ішінде жалпы контингенті 16 мыңнан астам оқушы бар 265 мектеп санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, штаттық режимде оқитын болады. Аталған мектептер өткен оқу жылының төртінші тоқсанында осы режимде оқытылған болатын.

– Бұл мектептердегі оқыту екі ауысымда ұйымдастырылады, ауысымдар арасында бір жарым сағат үзіліс болады, желдету режимі қатаң сақталады және әр сабақтан кейін дезинфекциялау жүргізіледі. Мектептерде маскалық режим енгізіліп, медициналық бақылау күшейтіледі. Штаттық режимде жұмыс істейтін мектептердің ең көп саны Қостанай, Меңдіқара, Әулиекөл, Жангелдин, Қарабалық, Федоров аудандарында. Мұндай оқыту форматы осы елді мекендерде қолайлы эпидемиологиялық жағдай болған кезде ғана мүмкін. Егер жағдай күрделенетін болса, облыстың білім беру жүйесі қашықтық режимге толық көшеді, – деді Архимед Бегежанұлы. 

Облыс әкімінің мәлімдеуінше жалпы контингенті 92,5 мың оқушы қалған 225 мектепте оқу процесі қашықтықтан ұйымдастырылады. Бұл ретте, ата-аналардың өтініштері бойынша бастауыш сыныптарда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, толымдығы он бес адамға дейін топтарға бөлінген кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда осындай форматта оқу үшін жалпы контингенті 27,3 мың оқушысы немесе төменгі сынып оқушыларының жалпы санынан ел бес пайызы бар 2400-ге жуық топтың ашылуы жоспарланып отыр. Осылайша 108 мың оқушының: 16 мыңы немесе 15% штаттық режимде оқытылады; 27 мың оқушы немесе 25% кезекші сыныптарда; 65 мың оқушы немесе 60% қашықтықтан оқитын болады.

Қашықтықтан оқытудың режимдік сәттерін түсіндіру үшін оқу жылы басталғанға дейін балаларға арналған бірыңғай сынып сағаттары («Үйде қалай оқу керек», «Киберкультура» және тағы да басқа), сондай-ақ бірыңғай ата-аналар лекторийі өткізілетін болады. Білім күні 1 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді. Одан әрі облыс әкімі компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз ету туралы айтып берді. Жазғы кезеңде 1,4 млрд теңгеге алты мың компьютер сатып алынды, бұл облыстың білім беру ұйымдарының компьютерлік паркінің тең жартысын жаңартуға мүмкіндік берді. Білім және ғылым министрлігі үкіметтік резервтен жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге 15 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алуға қосымша қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Жалпы бұл ресурстар мұғалімдер мен мектеп оқушыларының компьютерлік техникаға деген қажеттілігін жабу үшін жеткілікті. Компьютерлерді білім беру ұйымдарынан қайтарымды негізде педагогтер мен оқушыларға, бірінші кезекте, әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға беру бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күні 11 188 бірлік компьютерлік техника берілді, оның 11 012 оқушыларға және 176 педагогке. Архимед Мұхамбетов мектеп жасындағы бірнеше балалары бар, сонымен қатар ата-аналардың өздері қашықтықтан жұмыс істейтін бір ғана компьютері бар отбасыларға не істеу керектігін айрықша атап, осындай мәселелер туралы мектеп әкімшілігіне оқу жылы басталғанға дейін хабарлау қажет. Әрбір мәселе жеке шешіледі. Бұл үшін тиісті ресурстар бар, – деді. Түрлі қаржыландыру көздері есебінен интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді интернет модемдері сатып алынады.

– Аймақтағы барлық 490 мектебі жаңа оқу жылы басталғанға дейін жоғары жылдамдықты интернетке қосылады (4 Мбит/с-тан бастап), осы мақсаттарға 2020 жылы 163,5 млн. теңге бөлінді. Қашықтықтан оқыту форматына қарамастан, әрбір оқушы тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы оқу материалдарын сатып алуға шамамен 1,2 млрд. теңге бағыттадық. Оқулықтарды облыс мектептеріне жеткізу ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқталады, – деді Архимед Бегежанұлы. – Бізде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісінде 186 балабақша бар, оның алпыс төрті жеке меншік. Тәрбиеленушілердің жалпы контингенті – 22,7 мың бала. Бұдан басқа, облыста тоғыз мың баланы қамтитын 399 шағын орталық рәсімделген. 

Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы кезекші топтардың жұмыс істеу режимінде қайта басталады, олар ата-аналардың немесе заңды өкілдердің балабақша әкімшілігіне берген өтініші негізінде қалыптастырылатын болады. Эпиджағдайды жақсарту кезінде әлеуметтік қашықтықты және қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, толық топтар ашылады. Облыста жалпы контингенті 39 мыңға жуық тәрбиеленушісі бар 45 қосымша білім беру ұйымында эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс санитарлық нормаларды сақтай отырып, қашықтықтан форматта және штаттық режимде жеке тәртіппен немесе шағын топтарда ұйымдастырылады. Арнайы ұйымдарға қатысты облыс әкімі санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, жаңа оқу жылын штаттық режимде 506 тәрбиеленуші контингенті бар екі мектеп-интернат бастайтынын жеткізді.

259 оқушы оқитын төрт арнайы мектеп қашықтықтан жұмыс істейді, мұғалімдер әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып сабақтар дайындайды. Жаңа оқу жылын қашықтық режимінде облыстың жалпы контингенті 22 мыңнан астам студенті бар барлық 34 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы да бастайды. Барлық колледждерде тиісті жағдайлар жасалған. – 2020 жылы облыста студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа жобалар іске қосылды, – деді облыс әкімі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде Қостанай қаласында колледждердің екі жатақханасының құрылысы басталды: ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау мерзімімен шамамен 700 млн. теңге сомасына Қостанай жоғары медициналық колледжінің қуаты 250 орындық жатақханасы және жалпы сомасы 1,5 млрд. теңге болатын Қостанай автомобиль көлігі колледжінің қуаты 500 орындық жатақханасы. Құрылысты 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.

Жаңа оқу жылына дайындық аясында облыста заманауи мектептердің ауқымды құрылысы жалғасып жатыр. Осы жылдың қыркүйек айында Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 320 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектеп өз есігін айқара ашады. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында 1200 орынға арналған мектеп құрылысы және Қарасу ауданының Қарасу ауылында 320 орынға арналған мектеп құрылысы аяқталады. 131 білім беру нысанының күрделі және ағымдағы жөндеулерін іске асыруға 9,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,6 есе көп. Жалпы, барлық нысандарда жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 131 нысанның 91-і аяқталу сатысында тұр. Қалған жөндеу жұмыстары 1 қыркүйектен кейін жоспарлы түрде жалғасатын бес нысанды қоспағанда, оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.

Олар Қостанай қаласының № 6, 4, 19 мектептері, Меңдіқара ауданының Михайлов орта мектебі, Әулиекөл ауданының Сұлукөл орта мектебі. Осыған байланысты, қалалар мен аудандардың әкімдіктері оқушыларды жақын орналасқан мектептерге қайта бөлу немесе қашықтықтан оқытуды жалғастыру арқылы жаңа оқу жылының басталмай қалуына жол бермеу жөнінде шаралар әзірленгені айтылды. Сондай-ақ облыста білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жұмыстары аяқталып қалды. Облыстық бюджеттен осы мақсатқа 187 млн. теңге бағытталды. Бүгінгі таңда 460 немесе 94% мектеп бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 122 балабақшаның 112-сі немесе 92%-і камералармен жабдықталған. Оқу жылы басталғанға дейін жұмыс толық көлемде аяқталады.

Облыста оқу жылын ұйымдастыру үшін барлық іс-шаралар кешені өткізіледі. Архимед Мұхамбетов қашықтықтан оқыту бұл мәжбүрлі шара екенін тағы бір рет атап өтті. Алдағы уақытта санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты жақсарған жағдайда білім беру ұйымдарының біртіндеп штаттық форматқа көшуі болады. – Сөз соңында ата-аналар мен педагогтерге айтайын дегенім, біз қазір қиын жағдайда тұрмыз, бірақ балаларымызға сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың денсаулығына зиян келтіру қаупін болдырмауға ұмтылуымыз керек, – деп түйіндеді облыс әкімі. Брифинг соңында облыс әкімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий