Білім және ғылым министрі ұстаздарға хат жазды

Кеше түнде сабақтарыма дайындалып отырып, электронды почтамды ашып қалсам, бас ұстазымыз Асхат Қанатұлынан хат келіп тұр. Хатты оқып көзіме жас келді. Хат соңында бойымда әлдебір күш пен жігер пайда болғандай, – деп жазады елордалық ұстаз инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.



Қарапайым ұстазға Министр мырзадан жылы лебізге толы хат келсе, қандай күйде болады деп ойлайсыздар? Әрине, қуанасың, жұмысыңа деген шабытың оянады, мамандығыңа деген құрмет артады. Міне, осындай түрлі эмоцияларды басымнан өткердім. Шынымды айтсам, өз мамандығыммен кеудемді мақтаныш кернейді. Неге дейсіз ғой?! Себебі, біз адаммен жұмыс істейміз. Жәй қарапайым адаммен емес, еліміздің жарқын болашағын жасайтын бақытты балалармен жұмыс істейміз.

Иә, мына пандемия бәріміздің еңсемізді түсіріп тастағаны рас. Бұл қиын кезеңде біздің жұмысымыз екі есеге өсті. 4 тоқсанда 3 сағаттық ұйқымен телесабақтар өткізген күндер де болды. Міне, жаңа оқу жылына да телесабақтарға қызу дайындықтамыз. Осындай нағыз қолдауды қажет ететін сәтте Министр мырзадан мотивацияға толы хат келгенде, еңсемізді тіктеп, жұмысқа деген шабыт оянады екен. Алғысым шексіз.

“Ұстаздардың тек мектепте ғана емес, өмірде де көшбасшы екеніне сенімдімін. Бүгінгі таңда бізге балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, бүкіл ел үміт артып отыр. Сондықтан қазіргі жағдайда біздің міндетіміз тек оқыту ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен сенімділікке бағыт беру. Шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық таныта біліңіз. Оны оқушыларыңызға да үйретуге тырысыңыз» деген жігерге толы хат бізді алға жетелегендей….. Біз бәріміз бір командамыз. Білім саласында талай жеңістерді еңсереміз.

@aimagambetov Асхат Қанатұлының инстапарақшасынан маған біраз қонақтар жиналып қалыпты. Қош келдіңіздер. Мен Толқын Батырбайқызы, Нұр-Сұлтан қаласы №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімін, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымын. Он жылдық жұмыс өтілім бар. Оқушылар үшін телесабақ беруде белсенділік танытып жүрген ұстаздардың бірімін. Баршаңызға жаңа оқу жылында сәттілік тілеймін! Оқушыларымызбен қауышатын күнге тезірек жетейік, аман болайық!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий