Серікбай Трұмов, Маңғыстау облысының әкімі: Биыл жаңадан тоғыз мектеп ашылады

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жаңа оқу жылы қарсаңыда білім мәселесіне қатысты брифингке қатысып, салаға қатысты сұрақтарға жауап берді. Биыл жаңа оқу жылында 304 балабақша, 141 жалпы орта білім беретін күндізгі, 9 жекеменшік, 6 кешкі мектеп, 4 арнайы білім беру, 27 техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс істейді, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстағы 304 балабақшада (145 мемлекеттік, 159 жекеменшік) 36 315 бала тәрбиеленеді. Өңірдегі карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты 7 шілдеден бастап кезекші топтардың жұмысы тоқтатылды. Осыған қарамастан республикалық ведомствоаралық комиссияның және өңірлік жедел штабының шешімімен жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында қызметкерлердің жалақылары толық көлемде төленіп келеді. Қазіргі кезде 1-6 жастағы 33484 бала кезекте тұр, карантин жағдайына байланысты балабақшаларға жолдама беру уақытша тоқтатылды. 3-6 жастағы қамту 100%, 1-6 жас 60%.

– Қыркүйек айының бірінен бастап 141 мектепке 160 630 оқушы келеді деп күтілуде. Болжам бойынша 1 сыныптарға 19 900 оқушы келеді. Жаңа оқу жылының қарсаңында 7 мектеп: 1860 орындық 3 мемлекеттік мектеп (Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында 960 орындық, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында 600 орындық, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында 300 орындық бастауыш мектеп); 934 орындық 4 жекеменшік мектеп (Ақтау қаласында-3, Мұнайлы ауданында – 1) іске қосылады. Жыл соңына дейін Ақтау қаласындағы 34 ш/а 1200 орындық, Шығыс-1 ш/а 300 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша жаңа оқу жылында барлығы 9 мектеп іске қосылады. Сонымен қатар ағымдағы жылы Ақтау қаласында 3600 орын болатын 3 мектептің құрылысы басталады, – деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.

10 тамыздағы жағдайға әжетханаларды орнату жұмыстары 35 мектепте (66%), бейнебақылау жүйелерін орнату жұмыстары 79 мектепте (84%) аяқталды. 1-10 сынып оқушыларына қосымша қажеттілікке, 11 сыныптарға толықтай жаңа бағдарламаға сәйкес басылып шығатын оқулықтар және 1 сыныптарға жұмыс дәптерлерін барлығы 1 128 638 дана оқулық сатып алынады. Бүгінгі күні өңір мектептерінде 168 педагогқа қажеттілік бар, оның ішінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, математика, физика, химия, орыс тілде оқытатын бастауыш сыныптарының мұғалімдеріне қажеттілік басым. Биыл басқа облыстардың ЖОО-нан педагогикалық мамандықтарды бітірген 300-ге жуық түлек, Ш.Есенов университетін 159 педагог (30 математика, 18 тарих, 23 биология, 34 орыс тілі мен әдебиеті, 37 ағылшын тілі, 14 физика, 3 информатика) бітіріп келеді деп жоспарлануда.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2019-2020 оқу жылында 502 маманға қолдау көрсетілді, соның ішінде 322 адам біржолғы жәрдемақы, 180 адам тұрғын үй кредиттерін алды. Облыс бойынша 53 мектептің сыртқы әжетханаларын ішке орнату және 94 мектептегі бейнебақылау жүйелерін жаңарту және жетілдіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 312 млн. тг. қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылында екі мектеп (Маңғыстау ауданы Бекі селосы, Қарақия ауданы Аққұдық ауылы) дәстүрлі, ал қалған мектептердің барлығы қашықтықтан оқытылады. Осы 2 мектепте оқытуды барлық санитарлық талаптары орындалатын болады.

Мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту республикалық Ел Арна, Әл Фараби телеарналарынан телесабақтар көрсетіледі. Білім беру процесін сапалы жүзеге асыру үшін оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлер немесе ноутбуктерге және интернетке қолжетімділігі болуы үшін барлық елді мекен бойынша талдау жасалды. Нәтижесінде, мектептердегі 49652 оқушыда (20939 отбасы) компьютер құрылғыларына қажеттілік анықталды. Компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметіне жедел шығындарға арналған резервінен және жергілікті бюджеттен 30 641 дана компьютерлік құрылғылар сатып алынады.

Сонымен қатар мектептердің балансындағы 4850 компьютер оқушыларға пайдалануға беріледі. Ең алдымен компьютерлер аз қамтылған отбасылардың, жетім және ерекше білімді қажет ететін оқушыларға уақытша пайдалануға таратылып беріледі. Сонымен қатар 400-ге жуық компьютерлік құрылғыны демеушілер, кәсіподақтар есебінен және «Мектепке жол» акциясы аясында алуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек қашықтықтан оқыту кезінде білім беру платформаларының кедергісіз жұмыс жасауы үшін 4 серверлік құрылғы сатып алуға 12,0 млн. тг. қаржы бөлінді. Карантин шаралары жеңілдетіліп оқушылар дәстүрлі оқытуға көшкен кезде мектептердегі қатаң санитарлық талаптарды сақтау үшін дезинфекциялық тоннельдер, кварцтар, санитайзерлер, тепловизорлар және т.б. арнайы құрылғылармен жабдықталады.

Интернетпен қамту бойынша да облыс бойынша аудан, қалалар, елді мекендер бойынша талдау жасалды. Нәтижесінде 36 219 баланың (14 244 отбасы) үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі төмендігі анықталды. Интернет жылдамдығы 17 елді мекенде 4 мб/с төмен. Екі елді мекенде (Маңғыстау ауданы, Бекі ауылы, Қарақия ауданы, Аққұдық ауылы) интернет жоқ (53 оқушы, 15 мұғалім тұрады). Интернетпен қамту жұмыстарын білім басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, қала, аудан, ауыл әкімдері, интернет тарататын байланыс компанияларымен бірлесіп мамыр айынан бастап жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл мәселе күнделікті бақылауда, 25 тамызға дейін жұмыстар аяқталады.

Облыс әкімі сұрақ жауап бөлімінде журналистерден келіп түскен өзекті мәселелерге жауап берді. «Карантиндік шектеулер аяқталғаннан кейін мектепке дейінгі ұйымдардан кезекші топтар ашыла ма?» – деген сауалға С.Трұмов шектеу мерзімі аяқталғаннан кейін өңірдегі эпидемилологиялық ахуалдың тұрақтылығы мен ауру таралуының деңгейі азайған жағдайда комиссия отырысында кезекші топтар ашу мәселесі қаралатын айтты. – Бірінші сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерлері жиынтығының бағалары 6-7 мың теңгенің жобасында. Оны сатып алуға карантинге байланысты жұмыстан шығып қалған ата-аналардың жағдайы көтере бермейді. Осы орайда 1 сыныптардың оқушыларына жұмыс дәптерлері алып беріле ме?, – деген сауалға аймақ басшысы биылғы күрделі жағдайды ескере отырып, бірінші сынып оқушылары толықтай жұмыс дәптерлерімен бюджет есебінен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий