Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі: Қыркүйекте барлық ауылдық мектептерде жылы дәретханалар жұмыс істейтін болады

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов баспасөз мәслихатын өткізіп, онда жаңа оқу жылына дайындық туралы айтып берді. Бұл баспасөз мәслихаты Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ertis телеарнасының тікелей эфирінде және облыс әкімдігінің Instagram және Facebook- тегі парақшаларында өтті. Әбілқайыр Сқақов 1 қыркүйекте 111 888 оқушы үшін, оның ішінде 12 813 бірінші сынып оқушысы үшін білім беру процесі басталатынын атап өтті. Бүгінгі күні ата-аналардың өтініштері бойынша 1 қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптарды» іске қосу жоспарланған, – деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.


– 173 мектеп – 100 935 оқушы – бірінші тоқсанды қашықтықтан бастайды, – деп мәлімдеді Әбілқайыр Сқақов. – 183 шағын жинақты ауылдық мектеп – 10 953 оқушы-оқу жылын санитарлық нормаларды сақтай отырып штаттық режимде бастайды. Білім беру объектілері дезинфекциялау құралдарының, санитайзерлердің, тепловизорлардың және қорғаныс құралдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда өңірдегі мектептерде 21 907 компьютер бар, қосымша 18 078 компьютер сатып алынады. Техника оған мұқтаж барлық оқушылар мен мұғалімдерге берілетін болады. Өңір басшысы колледждердің қалай жұмыс істейтінін де айтып өтті. Техникалық және кәсіптік білім беретін 43 ұйым қашықтықтан жұмыс істеуге дайын.

Алты шағын жинақты аграрлық – техникалық колледж оқу жылын штаттық режимде бастауды жоспарлап отыр, – деп атап өтті әкім. – Колледж студенттері толықтай компьютерлермен және Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылына колледждердің өз қаражаты есебінен 450 жаңа компьютер сатып алынды. Биыл Павлодар облысында білім беру нысандарын салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша 81 жоба іске асырылуда. 1 қыркүйекке барлық ауылдық мектептерде жылы дәретханалар жұмыс істейтін болады. Әр мектепке дейінгі мекемеде және оқу орындарында бейнебақылау камералары орнатылады.

– Біз білім беру ұйымдарын жөндеу және жабдықтау тәсілдерін өзгерттік, – деді Әбілқайыр Сқақов. – Менің тапсырмам бойынша «Заманауи мектеп» бағдарламасы іске асырыла бастады. Заманауи мектеп дегеніміз не? Бұл балалар міндетті болғандықтан емес, қалағандықтан баратын жер. Ол жерде тек жылы және жайлы ғана емес, сонымен қатар үйдегідей ыңғайлы. Ыңғайлы кабинеттер, жиһаз, акт және спорт залдары, асхана, киім ауыстыратын бөлмелер, тіпті кабинеттен кабинетке дейінгі жолдар. Баланың оқуға, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға және жалпы мектеп қабырғасында уақыт өткізуге дайын болуы үшін бәрі мүмкіндігінше ойластырылған болуы керек.

Павлодар облысында бірыңғай стандарт – экстерьер, интерьер, іргелес аумақтарды абаттандыру, логотиптер жүйесі және мектептердің фирмалық стилі, сондай-ақ құрылыс материалдары мен жиһаздардың сапасы туралы тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдамаға сәйкес биыл Павлодардағы алты мектеп жаңғыртылатын болады. Бұл Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернаты, Абай атындағы №10 мектеп-лицейі, №8 лицей, №28, 34 және 39 мектептер. Өңір басшысы Павлодар облысы білім беру басқармасы жанынан жаңа оқу жылын ұйымдастыру мәселелері жөнінде +7 777 450 19 48 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желі» іске қосылғанын атап өтті. Осындай «жедел желілер» әр қалада және ауданда жұмыс істейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий