“Абай әлемі”: Отбасылық онлайн викторина қашықтан ұйымдастырылды

Ақмолалық оқушылар ата-аналарымен бірге Абай шығармашылығына арналған викторинаға қатысты. Тамыз айының 10-ы күні “Абай әлемі” облыстық отбасылық онлайн-викторинасы  қашықтан ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді. Викторинаға облыстың сегіз ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 23 отбасы қатысты. Викторинаның қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді. Бірінші орын Серикбай Нұржігіт, Сейтжанова Жибек Социаловна (анасы) – Астрахан ауданы №4 Жалтыр ОМ, 5А сынып. Екінші орын Казбекова Назерке Байболатқызы, Казбекова Гульжан Жаксылыковна (анасы) – Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркас ауылы, «Новочеркас орта мектебі» ММ, 8 сынып. Алимова Томирис Габитовна,Алимова Айнаш Абылаевна (анасы) –Степногорск қаласы, 8 «В» сыныбы.

Үшінші орын Ербатыр Ернияз, Жусупбекова Гульжан (анасы) Көкшетау қаласы; Толеубаев Батыр Берикович (5 сынып), Михина Айнагуль Мелешовна (анасы), Толеубаев Ильяс Берикович (ағасы) Зеренді ауданы, Еленовка орта мектебі және Досан Инжу, Келес Досан (әкесі), Еженхан Майра (анасы) Шортанды ауданы. Викторина соңында қатысушылар Абай әндерін орындап, өлеңдерін жатқа оқыды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий