Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: 1463 бала оқитын тоғыз мекеме қашықтан жұмыс істейтін болады

Шығыс Қазақстан облысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде, мектептердегі сияқты жаңа оқу жылын бастаудың екі нұсқасы қарастырылуда, – деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі. 

– Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша 69 колледждың 32 мыңнан астам студенті білім алады деп жоспарлануда. Өндірістік оқыту, кәсіптік практика, техникалық, технологиялық, медицина және өнер мамандықтары бойынша зертханалық жұмыс сағаттары барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жүргізілетін болады.  Саны аз топтарда дәстүрлі форматта өткізіледі, – деді  өңір жетекшісі Даниал Ахметов. Баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімі штаттық режимде оқыту шағын контингенті бар (200-ге жуық студент) және ауылдарда немесе халқы аз қалаларда орналасқан 13 колледжде ұйымдастырылатынын атап айтты. Бұл колледждерде жалпы жиыны 1 721 (мың жеті жүз жиырма бір) студент білім алады. Оқу барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, кабинеттік жүйеден бас тартылады.

– Жаңа оқу жылында «Жас маман» жобасы аясында өңірдегі 5 колледждің базасында WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес келетін құзыреттілік орталықтары ашылады. Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстардың 80 пайызы орындалды. Аталмыш орталықтар бірінші қыркүйекке дейін қолданысқа беріледі. Онда өңірдегі басқа колледждердің студенттері мен педагогтары тәжірибелік сабақтар өткізеді, – деді Даниал Кенжетайұлы. Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар 2022 жылға қарай кәсіптік-техникалық білім беру сапасын 24 пайызға, колледж түлектерін жұмысқа орналастыру үлесін 16 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Тікелей эфир барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов 2020-2021 жылғы оқу жылында арнайы мектептердің қалай істейтініне тоқталды. Шығыс Қазақстанда бүгінгі таңда 12 арнайы ұйым бар. Онда 1633 бала білім алуда. Соның ішінде 170 тәрбиеленуші оқып жатқан 3 мектеп-интернат штаттық режимде жұмысын бастайды. Барлық санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Оның ішінде Шығыс  Қазақстан облыстық жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арналған интернат пен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мекемесі және «Ақ ниет» мектеп-интернаты бар. Жалпы жиыны 1463 бала оқитын тоғыз мекеме қашықтан жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ бұл мекемелерде кезекші сыныптар ашылады.

312 мектепте оқыту қашықтықтан ұйымдастырылатандығы жоспарланған. 2020-2021 оқу жылында 109,6 мың оқушы немесе 58 пайызы компьютер алдында сабақтарын бастайды. ШҚО әкімінің айтуынша, ата-аналардың өтінініштері бойынша бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Топта 15 адам болады. Барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Осы форматтағы оқыту жүйесіне сәйкес шамамен 5 319 топ ашылып, 55,6 мың оқушы білім алады. Қашықтан оқыту жүйесінің режимін түсіндіру мақсатында бірыңғай балалар сағаты мен бірыңғай ата-аналар дәрісі ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы шаралардың қашан өтетіні туралы өосымша ақпарат берілмек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий