“Абайтану” орталығы ашылды

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінде «Абайтану» орталығы ашылып, салтанатты рәсім білім басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасындағы тікелей эфир арқылы барша жұртшылыққа таныстырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық басқарманың баспасөз қызметі.


Ашылу рәсімінде білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова «Zoom» бағдарламасы арқылы орталықтың ашылуымен онлайн құттықтап, кемеңгер ақынның он тоғызыншы қара сөзінен үзінді оқыды. Бұдан бөлек колледждің белсенді студенттері онлайн форматта ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыды.

Әдеби орталықтан ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген мағлұматтар табуға болады. Абай өлеңдерінің әлем тілдеріндегі тәржімалары, белгілі абайтанушылардың, филологтар мен жазушылардың еңбектері, кемеңгердің шығармалары қамтылған. Ең бастысы орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен, тың материалдармен толықтырылып отырмақ.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий