“Ular” ансамблі “Абайға оралу” атты онлайн концерт ұйымдастырды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ular» этно-фьюжн ансамблі «Абайға оралу» атты онлайн концерт өткізді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шарада өнерпаздар ұлы ақын һәм ойшылдың көпшілікке танымал, шоқтығы биік музыкалық шығармаларын орындады. Олардың қатарында Абайдың «Көзімнің қарасы…», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды әндері мен «Желдірме», «Торжорға» сияқты күйлері бар.

Онлайн концертте орындалған туындылар Қыздар университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Айта кетейік, «Ular» этно-фьюжн ансамблі 1987 жылы құрылған. 30 жылдан астам уақыт бойы қазақ музыкалық шығармашылық өнерін жаңғыртуға елеулі үлес қосып келе жатқан бұл өнер ұжымы сондай-ақ ұлттың ұмыт бола бастаған көптеген музыкалық аспаптарын қайта жандандырды. Өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына ие болған ансамбль Қытай, Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан және тағы да басқа алыс-жақын шет елдерде гастрольдік сапарлар жасап, қазақ өнерін насихаттауға зор септігін тигізді.

ВИДЕО! (Концертте орындалған музыкалық шығарманың сілтемесі:

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3211907088922561&id=1474007389379215

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3212032662243337&id=1474007389379215

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий